Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанадағы дәмханада болған газ баллоны жарылысы туралы толық мәлімет берілді (ВИДЕО)

Оқиға
Астанадағы дәмханада болған газ баллоны жарылысы туралы толық мәлімет берілді (ВИДЕО)

Төтенше жағдай өкілдері Астанададағы дәмханалардың бірінде болған газ баллоны жарылысы туралы толық мәлімет берді, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға Алматы ауданында Ақыртас көшесінің бойында болған. ТЖМ мәліметінше, 2 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылып, қирап, өртенген.

Қирау алаңы шамамен 60 шаршы метр, өрт алаңы 15 шаршы метр. Өрт сөндірілді, 6 адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, деп мәлімдеді ТЖМ.

ТЖМ күштері қауіпсіз жерге көлемі 50 литр болатын 4 тұрмыстық газ баллонын шығарған. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері үйінділерді бұзып жатыр.

Айта кетейік, мұның алдында елордада дәмханалардың бірінде жарылыс болғанын, алдын ала мәлімет бойынша ол палау орталығында газ баллоны жарылғанын жазған едік

Фото: Malim.kz.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу