freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырау облысында ерекше жағдай: Құрманғазы ауданында 85 егіз түлек мектеп бітірді

Білім-ғылым
Атырау облысында ерекше жағдай: Құрманғазы ауданында 85 егіз түлек мектеп бітірді
Фото: atpress.kz

Атырау облысының Құрманғазы ауданында биылғы оқу жылы ерекше оқиғамен есте қалмақ. Ауданда мектеп бітірген 625 түлектің арасында 85 егіз тіркелген, деп хабарлайды Malim.kz.

Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мұншама көп егіздің бір мезетте мектеп бітіруі аудан үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін сирек кездесетін жағдай болып отыр. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай бұрын-соңды тіркелмеген.

Ең көп егіз түлектер Еңбекші, Мұқанов, Нұрпейісова және Мүсірепов атындағы мектептерде білім алған. Олардың арасында 9-сыныпты аяқтаған оқушылар да бар.

Сондай-ақ биыл тағы бір қызықты сәйкестік орын алды. Соңғы қоңырау күні 15 түлек өздерінің туған күнін де атап өткен.

Мамандардың пікірінше, биылғы мектеп бітіру маусымы Құрманғазы ауданының білім саласы тарихындағы ерекше жылдардың бірі ретінде есте қалуы мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу