freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда көліктің терезесінен фейерверк атқан жастар қамауға алынды

Құқық
Атырауда көліктің терезесінен фейерверк атқан жастар қамауға алынды
видеодан скрин

Атырауда жол үстінде қауіпті маневр жасап, көліктің ішінен фейерверк атқан азаматтардың барлығы полиция бөлімшесіне жеткізілді, еп хабарлайды Malim.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзып, қауіпті маневрлер жасап, апатты жағдай туғызған. Сонымен қатар көлік қозғалысы кезінде жолаушы терезеден денесін шығарған.

Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Оларға ұсақ бұзақылық, елді мекенде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану және азаматтардың түнгі тыныштығын бұзу баптары бойынша айып тағылған.

Бұзақылық дерегі бойынша жүргізуші мен жолаушы әкімшілік қамауға алынды. Ал көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция жол қозғалысы ережесін бұзған кез келген әрекет заң алдында жауапкершілікке әкелетінін еске салып, жол қателікті кешірмейтінін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу