freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атыраудағы қанды қылмыс: күдікті марқұмның атына қанша несие рәсімдегені белгілі болды

Оқиға
Атыраудағы қанды қылмыс: күдікті марқұмның атына қанша несие рәсімдегені белгілі болды
Фото: Qamqor.gov.kz

Атырауда әйелінің туыстарын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тергеу нұсқасы бойынша, айыпталушы марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің қайтыс болғанына көз жеткізгеннен кейін оның телефоны мен Kaspi.kz қосымшасын пайдаланып, атына бірнеше тауарлық несие рәсімдеген.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 15, 19 және 21 мамыр күндері марқұмның атына жалпы 4 048 570 теңге көлемінде төрт несие алынған. Кейін бұл қаражат бірнеше ЖШС мен жеке кәсіпкер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, жеке мақсатқа жұмсалған.

Прокуратура мәліметінше, күдікті марқұмның әлеуметтік төлемдерін де бірнеше ай бойы өз шоттарына аударып отырған. Бұл бойынша келтірілген залал 550 125 теңге деп көрсетілген.

Сонымен қатар айыптау актісінде Сәрсемәлиевтің WhatsApp арқылы марқұмның атынан туыстарымен хат жазып, оны тірі жүргендей етіп көрсеткені айтылған. Тергеу дерегінше, ол алдау жолымен тағы 350 мың теңге иемденген.

Қазір Сұлтан Сәрсемәлиевке адам өлтіру, ұрлық, алаяқтық және жеке құжаттарды заңсыз иемдену секілді бірнеше ауыр бап бойынша айып тағылып отыр.

Еске салайық, Атырауда бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты сот отырысы 18 мамырда басталды. Күдікті бұрын қаза тапқан отбасының күйеу баласы болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу