«Қазгидромет» РМК ертең, 22 қаңтарда Алматы қаласында және Қазақстанның 14 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Еліміздің бірқатар өңірлерінде қар жауып, қарлы боран, тұман және көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде жел күшейіп, екпіні 15-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Алматыда және Алматы облысында 22-24 қаңтар аралығында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады деп болжануда. Павлодар, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Жетісу, Абай, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында да қар, боран, тұман мен көктайғақ күтіледі.
Синоптиктер жол қозғалысына қатысушыларды сақтық шараларын күшейтуге және ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.