Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман, көктайғақ және қатты жел болуы мүмкін деп болжап, дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Жамбыл облысында тұман мен қатты жел күтіліп отыр.
Семей мен Өскеменде көктайғақ болу қаупі бар.
Орал, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында тұман мен көктайғақ күтіледі.
Атырау, Тараз, Атырау, Қарағанды және Түркістан облыстарында тұман болады.
Павлодар, Петропавл қалаларында, Абай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында қар, жаңбыр, жергілікті бұрқасын, қатты жел және тұман күтіледі.