freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным films Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Азия чемпионаты: Дзюдошы Аружан Жангелдина қола жүлдеге қол жеткізді

Спорт
Азия чемпионаты: Дзюдошы Аружан Жангелдина қола жүлдеге қол жеткізді
Спортты дамыту дирекциясы

Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының үшінші жарыс күнінде Қазақстан тағы қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық дзюдошы Аруна Жангельдина (-78 кг) қола медаль үшін өткен белдесуде тайбэйлік Чье-Хси Ванды голден скорда жықты.

Бүгін Айдар Арапов (-90 кг) қола жүлдеге қол жеткізген еді. Келесі болып -100 кг дейінгі салмақта Нұрлыхан Шархан үшінші орын үшін сынға түседі.

Кеше ҚР ұлттық құрамасынан Әділет Алмат Азия чемпионы атанса, Абылайхан Жұбаназар жүлдегер атанды. Сонымен қатар, әйелдер арасында Есмигүл Куюлова үшінші орынға тұрақтаған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу