freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Балаларды шырылдатып алып кетті": Атыраудағы трагедияға қатысты сұмдық жайт мәлім болды (ВИДЕО)

Қоғам
"Балаларды шырылдатып алып кетті": Атыраудағы трагедияға қатысты сұмдық жайт мәлім болды (ВИДЕО)
Arasha.kz коллажы

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты жаңа, көпшілік біле бермейтін деректер жария болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Аталған істі зерттеп жүрген журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында тың мәліметпен бөлісті. Оның жазуынша, күдіктінің ата-анасының қолындағы бес бала балалар үйіне жеткізілген.

"Күдіктінің ата-анасындағы бес баланы бүгін шырылдатып балалар үйіне алып кетіпті. Ертең ресми ақпарат сұраймын. Бұған дейін құзырлы органдар “әзірге ата-әжесінде болады, жақын туысы сол кісілер” деген еді", – деп жазды журналист.

Еске сала кетейік, Атырау облысында бір отбасының төрт мүшесі бірнеше ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып, бұл жағдай жұртшылықты дүр сілкіндірген болатын. 

Қаңтар айының басында ерлі-зайыпты Максот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіті өз үйлерінің ауласындағы асхана ішінен, шамамен бір метр тереңдіктен табылды. Ал олардың балалары – Мейрамгүл мен Наурыз Мұқанғалиевтер әлі күнге дейін табылған жоқ. Полиция мен құтқарушылар жүргізген іздестіру жұмыстары әзірге нәтиже бермеді.

Оқиғаға дейін белгісіз біреу ұлдарының атынан "ата-анамды Ташкентке емдетуге апарамын" деген сылтаумен ұсақ малдарын сата бастаған. Алайда ұзақ уақыт хабарсыз кеткен Максот Қарабалиннің туыстары күдіктеніп, ірі қараны сатуға жол бермеген.

Туыстары алаңдап, бүкіл отбасының жоғалып кеткені туралы құқық қорғау органдарына арыз түсірген. Тергеу барысында отбасының кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиева мен оның күйеуі Сұлтан Сәрсемалиевтің Шымкент қаласына ұшып кеткені, кейін Өзбекстан шекарасынан асқаны белгілі болды. Кей деректерге сүйенсек, күдікті бұл елде де тұрақтамаған. Қазіргі уақытта екеуіне де іздеу жарияланған, басты күдікті ретінде күйеу бала танылып отыр.

Жақындарының айтуынша, Ақбаян Мұқанғалиева кезінде сабақты жақсы оқыған, белсенді болған. Алайда соңғы жылдары денсаулығы нашарлаған. Дәрігерлер оған бірінші топтағы мүгедектік тағайындағанымен, әлеуметтік жәрдемақы алу үшін өтініш бермегені анықталған.

Қылмыстың барлық мән-жайы тергеу барысында анықталуда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу