Астанада цифрлық қауіпсіздікке арналған дәрістер өткізілді

Жобаның мақсаты – елордалық жастар мен балаларды интернетке тәуелділік, құмар ойындар және кибербуллингтен қорғау

Malim Админ

  • 09.10.2024

Астанада 9 қазан күні «Jarqyn Bolashaq» жобасы аясында білім беру лекцияларының сериясы басталды. Жобаның мақсаты – елордалық жастар мен балаларды интернетке тәуелділік, құмар ойындар және кибербуллингтен қорғау.


Шара аясында Астана қаласы әкімдігінің, Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және киберқауіпсіздік сарапшыларының, психологтардың және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен студент жастарға арналған лекциялар өткізілді.

Жоба жастардың цифрлық қауіпсіздік туралы білімін арттыруға, киберқауіптер мен интернеттегі құмар ойындардың зияны туралы ескертуге бағытталған. 

«Jarqyn Bolashaq» жобасы жастарға тек бар қауіптер туралы білуге ғана емес, сонымен қатар олардың алдын алу үшін қажетті білім мен құралдарды алуға, психикалық және физикалық денсаулықтарын сақтауға мүмкіндік береді. 

Дәріс интерактивті кездесулер форматында өтті, қатысушылар цифрлық қауіпсіздік пен психология саласындағы сарапшылардан ақпарат алып қана қоймай, өздерін толғандырған сұрақтарды қойды, нақты өмірдегі мысалдарды талқылап, мәселелерін шешу бойынша пайдалы кеңестер алды. 

Жастарды қауіпті үрдістен қорғау туралы психолог, магистр, аддиктолог Ассалау Дәурен, психолог, когнитивті мінез-құлық терапия маманы, гипнотерапевт Светлана Литвинова   дәріс оқыды.

Лекцияларда бірнеше  негізгі тақырыптар қамтылды: Кибербуллинг және оның салдары – кибершабуылдарды, онлайн-қатерлер мен зорлық-зомбылықты тану, сондай-ақ құрбандарға қолдау көрсету және қорғау әдістері. Интернетке тәуелділік және оның алдын алу – цифрлық тәуелділік мәселелерін талқылау, интернетте уақытты тиімді басқару стратегиялары мен технологияларды өнімді пайдалану жолдары. Онлайн құмар ойындарының қауіптілігі – лудоманиядан қалай сақтану, заңсыз ойын платформаларын тану және құмар ойындардың психикалық денсаулық пен әлеуметтік өмірге қалай әсер ететінін түсіну.  

Фото: Астана қаласы әкімдігі    

Байланысты жаналықтар

Еңбек күніне орай елімізде 200 іс-шара өтті

29.09.2024

Алжирлік боксшы Иман Хелиф буллинг жасағандарды сотқа берді

15.08.2024

Елімізде балаларды қорғау күніне орай мыңнан аса шара өтеді

01.06.2024

Жаралы адамға көмектеспей, шай ішіп отырған дәрігер жазаланды

24.06.2022

Әлеуметтік желілер бұғаттала ма? Министр жауабы  

12.04.2022

«Цензураға қарсымыз!». Белсенділер митингке шықты

02.04.2022
MalimBlocks
Еңбек күніне орай елімізде 200 іс-шара өтті

Оған жастардан барлығы 2 мыңнан аса адам тартылған

Алжирлік боксшы Иман Хелиф буллинг жасағандарды сотқа берді

Спортшының қорғаушысы «олар боксшының атына кір келтірді» деп айыптап отыр

Елімізде балаларды қорғау күніне орай мыңнан аса шара өтеді

Орталық мемлекеттік музейде балалар музей лагері ашылады

Жаралы адамға көмектеспей, шай ішіп отырған дәрігер жазаланды

Медбикелердің біреуі материал күтіп отырғанын жеткізген

Әлеуметтік желілер бұғаттала ма? Министр жауабы  

Ол жерде шектеу туралы мәселе бар

«Цензураға қарсымыз!». Белсенділер митингке шықты

Бұл шешімдердің артында цензураны күшейту мен әлеуметтік желіні шектеу тұр.