Биыл 341 мың бала 1-сыныпқа барады

Жаңа оқу жылында орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті.
Қазіргі кезде елімізде 8 мыңан аса мектепте 4,1 миллион оқушы білім алуда. Биыл 341 мың бүлдіршін 1-сыныпқа қабылданады. 11-ші – мектеп бітіретін сыныпқа 232 мың оқушы өтті. Жаңа оқу жылының ерекшелігі – орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізілетін болады. Ол үшін «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндеріне жасанды интеллект интеграцияланды, этикалық стандарттары бекітілді. 1-11-сынып оқушыларына арналған Дэй-оф-эй-ай («Day of Al») онлайн курстары және педагогтерге арналған курстар әзірленді, - деді Ғ. Бейсембаев Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес,
«Келешек мектептері» моделін басқару жүйесі іске қосылады. Осы мақсатта «Келешек мектептерін» басқарудың және аккредиттеудің стандарттары әзірленді, онда үш деңгейлі курстардан өткен 3 мыңнан астам педагог жаңа оқу жылында жаңаша жұмыс бастайды.
Фото: Zakon.kz

Ең көп оқылған
