Қазақстандық түлек әлемдегі 40 университеттің грантын жеңіп алды

Ислам 7-ші сыныптан бастап түрлі білім сайыстарында жетістіктерге қол жеткізді

Арман Қайыпхан

  • 24.06.2024

Түркістан білім-инновация лицейінің оқушысы  Ислам Абдурахманов БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Малайзия, Швейцария мемлекеттеріндегі қалаған жоғары оқу орнының студенті атана алады, деп хабарлайды Malim.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ислам 7-ші сыныптан бастап түрлі білім сайыстарында жетістіктерге қол жеткізді. Интеллектуалды жарыстарды негізге алып, олардың ішінде шахматпен ерекше айналысты. Соның аясында қалалық және облыстық деңгейде өткен түрлі жарыстарда алтын мен қолаға қол жеткізді.

"8-ші сыныпта IT саласына қызығушылығымды оятып, жаңа бағытқа қадам бастым. Бұл салада республикалық деңгейде өткен "Hackathon" атты жарыстан алтынға қол жеткіздім, осы іс шарада алған тәжірибем Қазақстандағы білім олимпиадасынан. бірінші орын иеленуіме себепкер болды. 9-шы сыныпта қоғамдық істермен айналысамын деп шештім. Түркістан қаласының "Eco Turkistan" клубының мүшесі болдым және ол жерде біраз тәжірибе ала отыра, Кентау қаласында өзімнің "Green Team" атты жеке эко клубымды аштым",- деп айтты Ислам жетістігі туралы.

11 сыныптан бастап жоғары оқу орнына түсуді қолға алған Ислам әлемнің 6 елінен 40-тан астам университетінен шақырту алып, облыстың абыройын асқақтатты.

Исламның таңдауы АҚШ-тың Техас штаты, Хьюстон қаласындағы "North American University(NAU)" мекемесіне түсті. Үздік оқушы шет елде білім алып, Отанға оралып, еңбек етуді көздеп отыр.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

19.05.2025

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

16.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Биыл түлектер емтиханды қай күндері тапсырады?

11.05.2025
MalimBlocks
Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

«10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын ашу» тапсырмасы аясында 22 595 жұмыс орны ашылды

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Түркістан облысының тәжірибесі өзге өңірлердің қызығушылығын арттырып отыр

Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Биыл түлектер емтиханды қай күндері тапсырады?