Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Malim.kz.
«КазАвтоЖол ҰК» АҚ деректері бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі уақытта еліміздің республикалық маңызы бар мына автожолдарында барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі:
Ұлытау облысы: Жанаарқа елді мекенінен Қарағанды облысының шекарасына дейін;
Қарағанды облысы: Ұлытау облысының шекарасынан Топар елді мекеніне дейін;
Қызылорда облысы: Арал қаласынан Қызылорда қаласына дейін;
Қарағанды облысы Ботақара ауылы – Қарқаралы ауылы.
Жолдарды 10 ақпан күні сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.