Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

Оқиға
Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

Қырғыз арнайы қызметі қазақстандық кәсіпкер Ерқанат Жұмабековті іздестіріп жатыр. Бұл туралы 15 мамырда Қырғызстан ҰҚМК баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі kursiv.media-ға сілтеме жасап. 

Комитет мәліметінше, оған Қамшы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландыру ісі аясында іздеу жарияланған.

"Қазақстандағы ірі кәсіпкерлердің бірі Ерқанат Жұмабековтің Қамшы Көлбаевтың қылмыстық тобын қаржыландырғаны дәлелденді", – деп хабарлады қырғыз арнайы қызметі.

Тергеудің нұсқасынша, Жұмабеков пен Көлбаев дос болған, талай мәрте кездескен. Кәсіпкер Қамшының жақын туыстарына қаржылай көмек көрсеткен.

Бішкектің Октябрь аудандық соты Жұмабековті сырттай қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Кәсіпкерге іздеу жарияланды.

Қамшы Көлбаев 2023 жылғы 4 қазанда арнайы қызмет операциясы барысында атып өлтірілді. 2012 жылы АҚШ арнайы қызметі оны әлемдегі ең ірі есірткі сатушылар тізіміне енгізген. Құрама Штаттар қаржы министрлігінің мәліметінше, оның халықаралық қылмыстық тобы адам саудасымен, жемқорлықпен және басқа да заңсыз әрекеттермен айналысқан.

2024 жылғы күзде Қырғызстан Көлбаевтың қылмыстық тобына тиесілі құны 10 млн доллар болатын ғимаратты мемлекетке қайтарған. Артынша оның алтын кеніші де мемлекет меншігіне өткен

Фото: kursiv.media

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу