Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Блогер Қайсар Қамзаның 180 мың доллардан асатын қаржысы бұғатталды

Құқық
Блогер Қайсар Қамзаның 180 мың доллардан асатын қаржысы бұғатталды
instagram.com/qais_arr

Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Қайсар Қамзаны халықаралық іздеуге жариялады. Сонымен қатар оның құны 182 мың АҚШ долларынан асатын криптовалюта түріндегі активтеріне шектеу қойылды. Бұл туралы Qaz365.kz сайтына сілтеп Malim.kz хабарлады. 

Агенттік мәліметінше, ол заңсыз құмар ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінген. Тергеу деректеріне сәйкес, блогер Instagram желісінде qais_arr лақап атымен, сондай-ақ «Қора энтертейнмент» атты жабық Telegram арнасының әкімшісі ретінде құмар ойын платформасына сілтемелер жариялап, пайдаланушыларды тіркелуге және ойынға қатысуға үндеп отырған.

Ресми ақпаратқа сәйкес, ол бейнематериалдардың астына жеке промокод қалдырып, ойыншыларға түрлі бонус алуға мүмкіндік берген. Осы арқылы азаматтарды азарт ойындарға тартқан және платформа тарапынан сыйақы, бонус немесе пайыздық табыс алып отырған.

Тергеу барысында заңсыз жолмен түскен кірісті жасыру үшін криптовалюта әмияндары пайдаланылғаны анықталды. Аталған әмияндарға онлайн-казиноны ұйымдастырушылардан қаржы аударымдары түскен.

Қазіргі таңда қылмыстық іс аясында тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу