Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Бұл еркектік емес»: Рамзан Қадыров Илон Маскке ренжіді

Әлем
«Бұл еркектік емес»: Рамзан Қадыров Илон Маскке ренжіді

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров америкалық бизнесмен Илон Маскке ренжіп қалды. Айтуынша, Маск оған өзі сыйға тартқан Кибертракты (Cybertruck) қашықтан өшіріп тастаған.

Бұл туралы ол телеграм-арнасында жазды.

- Илон Масктің бұл ісі дұрыс емес. Шын жүректен сыйлық береді, артынан қашықта отырып оны өшіріп тастайды. Оның сыйлығы естеріңізде шығар – Кибертрак. Біз оны пулеметпен жабдықтап, арнайы әскери операцияға жіберген едік. Машина өзінің жауынгерлік міндетін жақсы атқарды. Маневр жасауға епті, экипажды да жақсы қорғай алады. Енді жақында Маск кибертракты қашықтан өшіріп тастады. Бұл еркектік емес. Темір тұлпарымды сүйреп әкетуге тура келді. Не болып кетті өзі? Илон, мұның не?  - деп ашуланды Қадыров.

Фото: vesti095.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу