Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Черногория билігі Дина Таңсәріні қамаудан босатты

Қоғам
Черногория билігі Дина Таңсәріні қамаудан босатты

Черногория билігі "НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәріні (Динара Смаилова) қамаудан босатты. Бұл туралы nemolchikz_official Instagram парақшасында мәлім болды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

"Динаны босатты! Босатты! Черногорияның Жоғарғы соты оны экстрадициялаудан бас тартты! Дұғаларыңыз үшін, жүректеріңіздің жылуы үшін баршаңызға көп рақмет! Біз жылап отырмыз. Енді Динаның өзі сіздермен байланысқа шығады", – делінген қор парақшасындағы жазбада.

Бұған дейін "НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәрі (Динара Смаилова) Черногорияда ұсталғанын хабарлаған болатын.

Жергілікті RTCG басылымының мәліметінше, Смаилова Подгорицадағы Жоғарғы соттың тергеу судьясының қаулысына сәйкес, Қазақстан тарапынан алдын ала берілген экстрадициялау сұранысына байланысты ұсталған. Полиция мәліметінше, ол 15 сәуірде Подгорицадағы Жоғарғы сотқа жеткізіліп, іс одан әрі қаралады деп жоспарланған болатын.

Фото: Видео кадры

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу