Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Cу спорты түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан 5 медаль жеңіп алды

Спорт
Cу спорты түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан 5 медаль жеңіп алды

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аясында әртістік жүзу сайыстары басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы бірден бес медальға қол жеткізді. Оның үшеуі - алтын.

Техникалық соло бағдарламасында сынға түскен Карина Магрупова (240.1600) мен Виктор Друзин (228.1708) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Осы бағдарламада Эдуард Ким күміс жүлдегер атанса (223.5584), Ясмина Исламова қола медаль иеленді (204.0066).

Ал командалық сайыста (еркін бағдарлама) Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды (267.0639).

Фото: ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу