Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Цукербергтің байлығы Metaverse іске қосылған соң 6 есе өсті – Bloomberg

Әлем
Цукербергтің байлығы Metaverse іске қосылған соң 6 есе өсті – Bloomberg

Meta негізін қалаушы Марк Цукербергтің байлығы Metaverse іске қосылғаннан кейін  6 есе өскен. Bloomberg жазуынша, оның дәулеті қазір 201 миллиард долларға жеткен. Ал сәтсіздікке ұшыраған жағдайда шамамен 100 миллиард доллар жоғалтуы мүмкін еді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сөйтіп, Цукерберг әлемдегі ең бай 500 адамның тізімінде төртінші орынға ие болды. Оның алдында Tesla және SpaceX негізін қалаушы Элон Маск, Amazon негізін қалаушы Джефф Безос және LVMH тобының иесі Бернард Арно тұр.

Агенттік хабарлауынша, Meta platforms Inc акциялары рекордты жоғары бағамен сатылып жатыр. Жыл басынан бері бағасы 60%-ға өскен. 28 қыркүйекте бір құнды қағазы 568,95 доллардан саудаланды. Бұл рекорд. Цукерберг Meta Platforms Inc компаниясының 13%-ына иелік етеді. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап оның байлығы 73,4 млрд долларға өсті.

Фото: facebook/Mark Zuckerberg

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу