"Арсыз адам өліктен де жаман". Сервантестің нақыл сөздері

Қайғырған адамның жалғыз дауасы – қасіретін бөлісетін жанның болуы.

Олжас Қасым

  • 08.03.2022

 

Мигель де Сервантес (1547-1616) – әлемге әйгілі испан жазушысы, ақын, драматург, жауынгер. Дүниежүзі халықтарына «Дон Кихот» романының арқасында танымал. Кей зерттеушілер ол Испанияның ең көне жоғары оқу орны Саламанка университетінде оқығанын айтады. Бірақ нақты дәлелдер жоқ. Сервантес ұзақ уақыт испан әскері құрамында әскери қызметте болған. 1575 жылы Отанына қайтып келе жатып, қарақшылар шабуылына ұшырайды да, Алжирге құлдыққа сатылады. Оны 5 жылдан соң, миссионерлер босатып алған. Әдеби шығармашылықпен 35 жасынан бастап айналысқан қаламгердің «Дон Кихоттан» басқа «Галатея», «Нумансияның қирауы», «Парнасқа саяхат», «Персилес пен Сихизмунданың жиһанкездігі» т.б. шығармалары бар. 

Мақал – ұзақ уақыт жиналған тәжірибені жеткізген қысқа сөйлем.

***

Талап – жетістіктің анасы. Ал жұмысы жоқтық, керісінше, адамды ешқашан мақсатына жеткізген емес.

***

Римде жүрсең, Рим халқы қалай істесе, сен де солай істе.

***

Ғашық кезіңізде уақытқа қанат бітіп, ұшады. Ал ғашық болмасаңыз, уақыт балдақпен жүреді.

***

Біз сүйсек, сүймеу; біз сүймесек, сүю – әйелдердің табиғаты.

***

Мақтаншақтықтың да пайдасы бар. Яғни, мақтанып тұрған адам өзі сезбесе де, идеалы қандай екенін көрсетеді.

***

Хабардар болу және бес қаруың сақадай сай, дайын күйде күтіп алу – жеңістің жартысы.

***

Азаттықты адам өміріне қауіп төнсе де, арын қорғағандай қорғауы керек. Өйткені, онсыз ғұмыр кешу өте ауыр.

***

Байлықтың рахаты жай ғана дәулетті болуда немесе ақшаңды қалағаныңша шашуда емес, дүниеңді парасатты, тиімді жұмсауда.

***

Өзгелер мазақ қылып күлген және үсті-басында жарақаттан қалған тыртықтан сау жері жоқ бір адам ақырғы күшін жиып, қол жетпес жұлдыздарды алуға талпынады. Әлем осындай табанды, қайсар кісілердің арқасында жақсара түседі.

***

Адам ілім-білімнің жоғары дәрежесіне қол жеткізу үшін уақытын, зейінін арнауы және аштық, жалаңаштық, бас айналу т.б. қиындықтарға шыдауы керек.

***

Шындық жағдайды ушықтырмайды, жеңілдетеді. Су астындағы мұнайдың сумен араласпайтыны секілді ақиқат та өтірікпен араласпайды.

***

Байлығынан айрылған адам көп нәрседен айрылыпты. Досынан айрылған кісі одан да қымбатын жоғалтыпты. Ал батылдығынан айрылған адам барынан айрылыпты.

***

Мысықпен ойнаған кісі тырнап алуына дайын болсын.

***

Дүниеде ашынудан артық ессіздік жоқ.

***

Шайқасуымыз керек ең үлкен жауларымыз – біздің ішімізде.

***

Үстіңізді су қылмай, балық ұстай алмайсыз.

***

Арсыз адам өліктен де жаман.

***

Жанар – махаббаттың үнсіз тілі.

***

Қорқыныштың көзі көп. Ол, тіпті, жер астындағы нәрселерді де көре алады.

***

Әділ және жұмсақ адам алысқа барады.

***

Адамның жанына тиетін әзіл – әзіл емес.

***

Қатал заң жұмсақтық таныту керек болғанда, бұған пара емес, аяушылық, рақым себеп болсын.

***

Сіз өмірде әлі ештеңе де көрген жоқсыз.

***

Ешбір ата-ана баласы жайлы жаман ойламайды.

***

Өзіңізді тану сізді атаққұмарлықтан, даңғойлықтан сақтайды.

***

Бәрін уақыт есейтеді. Парасатты болып туған ешкім жоқ.

***

Әр адам – өз істерінің перзенті.

***

Ақиқат майысуы мүмкін. Бірақ сынбайды. Су бетіне қалқып шыққан май сияқты шындық та өтіріктің үстіне шығады.

***

Тәртіпті мақтау мен тәртіпке бағыну – екі бөлек дүниелер.

***

Өзіңіз қол жеткізуге күш-қуатыңыз жететін нәрсені біреуден жалынып сұрамаңыз.

***

Қайғы-мұңсыз бақыт келуі аса сирек.

***

Ізгілік – нағыз тектілік.

***

Қайғырған адамның жалғыз дауасы – қасіретін бөлісетін жанның болуы.

***

Қарапайымдылық – ақындарда сирек кездесетін асыл қасиет. Өйткені, олардың әрқайсысы өзін әлемдегі ең ұлы ақын деп есептейді.

***

Маған достарыңызды айтыңыз. Мен сіздің кім екеніңізді айтамын.

***

Садақ үнемі иіліп тұра бермейді. Адамның әлсіз жаратылысына да демалыс, сергу керек.

***

Үміттен гөрі қорқынышқа себеп басым кезде кетіп қалу қашу болып есептелмейді. Мұндай кезде сол жерде қалу – парасатты шешім емес.

 

Ағылшын тілінен аударған: Алпамыс ФАЙЗОЛЛА

Байланысты жаналықтар

Халық қаһарманы Қасым Қайсенов

24.09.2024

Мұхтар Мағауин көп әйел алуға қатысты ойын айтты

17.09.2024

Жыр құлагері – Ілияс Жансүгіров

09.09.2024

Әбу Сәрсенбаев өлеңдері

24.08.2024

Бердібек Соқпақбаев – 100 жыл

27.07.2024

Мұхтар Шахановтың өлеңдері

11.07.2024
MalimBlocks
Халық қаһарманы Қасым Қайсенов

Мұхтар Мағауин көп әйел алуға қатысты ойын айтты

Еуропада әйелге әйел, еркеке еркек үйленіп жатыр

Жыр құлагері – Ілияс Жансүгіров

Ілияс Жансүгіров (1894-1838) – ақын, драмашы, прозашы. Қазақ жазба поэзиясын қалыптастырушылардың бірі. 1894 жылы Алматы облысының Ақсу ауданында дүниеге келген. Биыл ақынның туғанына 130 жыл толды.

Әбу Сәрсенбаев өлеңдері

Әбу Сәрсенбаев 1905 жылы 15 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ботақан ауылында дүниеге келген. 1995 жылы 25 қарашада Алматы қаласында қайтыс болды. Ақын, жазушы, драматург. Қазақстанның Халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері. Ұлы отан соғысының ардагері. Көптеген жыр жинақтарының авторы.

Бердібек Соқпақбаев – 100 жыл

Биыл ақын, жазушы, журналист Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы

Мұхтар Шахановтың өлеңдері

Мұхтар Шаханов (2 шілде 1942 жылы туған, Түркістан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу ауылы) — қазақ ақыны, драматургі. Қазақстан халық жазушысы.