«Білімді ұлт» жобасы. Балабақшалар мен мектеп мәселесі қаншалықты шешімін тапты?   

Жастарды ақысыз негізде техникалық және кәсіптік  біліммен қамтып, жоғарғы оқу орындарындағы зерттеу жүйесінің көкжиегін кеңейтуге аталмыш жобаның тигізер оң ықпалы көп

Malim Админ

  • 19.04.2023

Қазақстандағы білім беру жүйесінің негізгі мақсаты –бәсекеге қабілетті маман әзірлеу.  Жаһандану жағдайында елімізде көптеген реформалардың жүзеге асуы білім берудің мазмұнын барынша жаңартты. Сондай мазмұны терең, аясы кең, берері мол іргелі жобаның бірі – «Білімді ұлт» сапалы білім беру»ұлттық жобасы. Бұл –ғылым мен білім саласының даму жоспарын 2025 жылға дейін орындайтын кешенді бағдарлама. 


Ауқымды жоба барлық деңгей бойынша білім алушы азаматтардың оқу сапасын жақсартады.  «Білімді ұлт»  ұлттық жобасы бірнеше бағытты қамтиды. Атап айтқанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім, техникалық және кәсіптік білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді  нығайту. Осыған байланысты көрсетілетін қызметтерді сапасы мен қолжетімділігі жіті назарға алынады.  Сонымен қатар, ұлттық жоба ауыл мен қала мектептері арасындағы оқу сапасының алшақтығын азайтады. Қазіргі таңда оқу орындарының тапшылығы басты мәселенің бірі, әсіресе мектептердің жетіспеушілігі қатты байқалады. Осындай түйткілдерді  шешу үшін мектептер салудың, жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын жасақтау және өзге де  мәселелер қарастырылған. Жастарды ақысыз негізде техникалық және кәсіптік  біліммен қамтып, жоғарғы оқу орындарындағы зерттеу жүйесінің көкжиегін кеңейтуге аталмыш жобаның тигізер оң ықпалы көп. 

«Білімді ұлт»  сапалы білім беру»  ұлттық жобасы еліміздің әр облысында табысты жүзеге асырылып келеді.  Астана қаласында да ауыз толтырып айтарлықтай, кезең-кезеңімен орындалып жатқан тың  бастамалар көп. Биыл елордада  тәрбиешілерді біліктілікті  арттыру курстарынан өткізуге, апатты және үш ауысымды мектептерді жоюға ерекше назар аударылмақ. Айталық, балабақшалардағы мәселелерді ретімен шешудің кезі әлдеқашан келген. 

Астана қаласы әкімдігі Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевтың айтуынша, биыл балабақшалардағы орындарды көбейту мақсатында жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда 8 000 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылады. Сонымен қатар, тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында 200 орынға арналған балабақшалар желісі ашылады.Бұл - қадамдық қолжетімділік қағидатыбойынша іске асырылмақ.  

2022 жылы  балабақша тәрбиешілерінің 120 педагогі қайта даярлау курстарынан және 641 мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өткен. «2023 жылы мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстарынан жалпы 1 012 тәрбиеші өтеді. 2025 жылға дейін бейінді білімі бар тәрбиешілердің үлесін кезең-кезеңімен 100%-ға жеткіземіз», - дейді басқарма басшысы Қасымхан Сенғазыев.

Биыл сондай-ақ, Астанадағы  34 балабақшадағы шағын сәулет нысандары ауыстырылады. 2025 жылға дейін мұндай  нысандар 100% жаңартылады деп жоспарланған.   

Тағы бір айта кетерлігі, 2023 жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 1 400 орынға педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орындалмақ. Былтыр  3 077 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтсе, биыл олардың қаары   5481 педагогке жететін  болады.

Биыл мектептерде көркем әдебиет қорын ұлғайтуға баса мән беріліп отыр. Осы мақсатта бюджеттен 100 млн теңге бөлінеді. Кітапханалардың интерьерін қайта жаңғырту бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда қаланың 36 мектебінде кітапханалар заманауи түрде жабдықталды. Елордалық 46 мектепте оқырмандарға арналған сoworking орталықтары ашылды. 2023 жылдың 2 тоқсанының соңына дейін 19 мектеп кітапханаларының интерьері  жаңартылып, жаңа коворкинг орталықтары ашылады.

Басқарма мәліметінше, биыл пәндік кабинеттер жасақтау жұмысы жанданбақ. 2022 жылы мектептердің 70%-ы жаңартылған пәндік кабинеттермен жабдықталды. 2023 жылы 22 мектеп 29 пәндік кабинетпен толығады.

Биыл жоба аясында қосымша білім беру ұйымдарының желісін дамыту жұмыстары да  жалғасады. Атап айтар жаңалық, осы жылы  қалада 2000-нан астам оқушыны қамтитыноқушылар сарайы іске қосылады. Бұдан бөлек, 2022 жылы инклюзивті білім беру бойынша мемлекеттік тапсырыс 2021 жылмен салыстырғанда 12 орыннан 97 орынға дейін артты. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру аясында мемлекеттік білім беру тапсырысы 4800 орыннан 7300 орынға дейін өскен. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 8 500 орынға дейін ұлғайтылады деп күтіліп отыр.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек  биыл мектеп құрылысына ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді. «Осы жылы 24 жайлы мектепті жобалау басталып кетті. Жаңа үлгідегі мектептер екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы қабылдауға жол ашады. Сонымен қатар жаңа оқу жылында 13 мектеп ашукөзделіп отыр. Аталған шаралар үш ауысымды және тығыз мектептер санын азайтады», - деді ол.

«Білімді ұлт» жобасының іске асуы мектептердің инфрақұрылымын одан сайын жақсартуға, оларды жайлы, қауіпсізетугемүмкіндік береді.Нақты бағыт, мүмкіндік барда межелі жұмыстар оңтайлы түрде шешімін табары анық.  

Байланысты жаналықтар

Олжас Бектенов мектептегі тамақ сапасын жақсартуды тапсырды

19.11.2024

Теміртауда балабақшаға мас күйде келген тәрбиеші жұмыстан қуылды

23.10.2024

«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры мектептегі тамақ сапасына қатысты әлеуметтік мониторингті бастады

15.10.2024

Жыл басынан бері 10 тәрбиеші жұмыстан шығарылды

14.10.2024

Мектеп оқушылары күзгі каникулда 10 күн демалатын болды

14.10.2024

Өскеменде қыздар қатарласына буллинг жасаған

07.10.2024
MalimBlocks
Олжас Бектенов мектептегі тамақ сапасын жақсартуды тапсырды

Премьер-министр Тамақтану стандартын әзірлеудің президент тапсырмасы екенін айтты

Теміртауда балабақшаға мас күйде келген тәрбиеші жұмыстан қуылды

Балабақша тәрбиешісі ішімдік ішіп алып, балаларға агрессия көрсеткен

«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры мектептегі тамақ сапасына қатысты әлеуметтік мониторингті бастады

Жыл басынан бері 10 тәрбиеші жұмыстан шығарылды

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова мәлімдеді

Мектеп оқушылары күзгі каникулда 10 күн демалатын болды

Өскеменде қыздар қатарласына буллинг жасаған

Мектеп жасындағы қыздар құрбысын бейәдеп сөздермен қорлап, тізерлетіп кешірім сұратқан