Бір әнімен әлемге танымал болған қазақстандық әнші марапатталды

Adam-ның «Жүрек» әні TikTok-та өзіндік рекорд орнатқан.

Сабина Асқарқызы

  • 07.06.2024

Қазақстандық Adam лақап атымен әнші сыртқы істер министрлігінің қолынан алғыс хат алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің қатысуымен «Қазақстанның ізгі ниет елшілері» жобасын іске қосуға орайластырылған салтанатты рәсім өтті.

Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Қазақстанның ізгі ниет елшілері» жобасы мәдениеттер пен халықтар арасындағы диалогты дамытуға және еліміздің жетістіктерін шет елдерде дәріптеу мақсатында танымалдылығын арттыруға бағытталған.

Өнер, спорт, ғылым, медицина және басқа да салаларда жетістіктерге жеткен отандастарымызды тарту арқылы Қазақстандағы Ізгі ниет елшілері қызметінің сәтті халықаралық тәжірибесін енгізу еліміздің беделін нығайтып, бейбітшілік, достық және халықаралық ынтымақтастықтың негізі болатын мәдени-гуманитарлық байланысты арттыруға ықпал етеді, - делінген СІМ таратқан мәліметте.

Марапатталғандар арасында өнер, спорт, медицина салаларының өкілдері бар. Сонымен қатар Мұрат Нұртілеу Adam лақап атымен әлемдік танымалдылыққа ие болған эстрада әншісі Мирхидай Мирфарухқа да алғысын білдірді.

Айта кетейік, Adam-ның «Жүрек» әні TikTok 5 млрд-тан астам рет тыңдалып, Youtube желісінде 73 млрд-тан астам рет қаралым жиналған.  Аз ғана уақытта бұл туынды Еуропада да, Қытайда да танымал болып, әлемдік жұлдыздардың өзі бұл әнге билеп видео түсіргенін көруге болады.

Менің алғашқы қазақ тілінде орындаған әнім. Ауылда жүргенде жазып едім. Өте танымал болып, көп тыңдалып жатыр. Ауылда тұрғанға не жетсін?! Бүкіл шабытың ашылады, – деген еді хит орындаушы.

Фото: СІМ баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген