Челлендж: 2 миллионға жуық бала бір уақытта күй орындады

Ең кішкентай қатысушылар - Семей қаласындағы «Бақыт» балабақшасының тәрбиеленушілері.

Malim Админ

  • 20.03.2024

Еліміздегі барлық білім беру ұйымында «Күйкүмбірі» республикалық челленджі өтті. Бір уақытта екі миллионға жуық бала Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлерін орындады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Астанадағы Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі оқушыларының қатарына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қосылды. Министр соңғы уақытта елімізде домбырада ойнағысы келетіндердің саны едәуір артқанын атап өтті.

- Біздің оқушыларымыз, олармен бірге балабақшалардың кішкентай тәрбиеленушілері, колледж студенттері ұлттық аспапта ойнауға қызығушылық танытатыны қуантады. Бүгінде еліміздің әр өңірінде бір мезетте күй мен танымал композиторлардың шығармалары шырқалды. Олардың туындылары арқылы біздің мәдени құндылықтарымыз ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Біздің өскелең ұрпақ осы киелі өнерді ұлықтауды лайықты түрде жалғастырады деп сенемін, - деді Ғани Бейсембаев.

Челлендж соңында министр мектептің 300 оқушысымен бірге халық күйін орындады. Мерекелік эстафетаға екі миллионға жуық қазақстандық бала қосылды. Ең кішкентай қатысушылар - Семей қаласындағы «Бақыт» балабақшасының тәрбиеленушілері.

Еске салайық, домбырашылар челленджі әз-Наурыз қарсаңында ұйымдастырылатын республикалық акция.

 

ФОТО: Оқу-ағарту министрлігі

Байланысты жаналықтар

80 күйді жатқа білетін орыс бала көпті таңғалдырды

27.04.2025

Балабақшадағы буллинг: Баланы "кішкентай Бишімбаев" деп атаған

17.04.2025

Наурыз мерекесінде ауыр жарақат алған жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

22.03.2025

Ердоған Наурыз мерекесін Түркияда да атап өтуді ұсынды

22.03.2025

Шымкентте «Наурызнама» мерекелік іс-шарасы гала концертпен жалғасты

22.03.2025

Мереке күні ауа райы қандай болады?

22.03.2025
MalimBlocks
80 күйді жатқа білетін орыс бала көпті таңғалдырды

Балабақшадағы буллинг: Баланы "кішкентай Бишімбаев" деп атаған

Наурыз мерекесінде ауыр жарақат алған жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

Павлодар облысының Ақсу ауданында Наурыз мерекесін тойлау кезінде аттан құлап, ауыр жарақат алған жасөспірімге дәрігерлер шұғыл операция жасады

Ердоған Наурыз мерекесін Түркияда да атап өтуді ұсынды

Шымкентте «Наурызнама» мерекелік іс-шарасы гала концертпен жалғасты

Мереке күні ауа райы қандай болады?