Елімізде балаларды қорғау күніне орай мыңнан аса шара өтеді

Орталық мемлекеттік музейде балалар музей лагері ашылады

Мәди Саматұлы

  • 01.06.2024

Халықаралық балаларды қорғау күнінде еліміздің барлық өңірінде мерекеге арналған концерттер, акциялар, көрмелер, жарыстар мен шығармашылық фестивальдар өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдеуінше, бүгін ҚР Орталық мемлекеттік музейінде «Museum for kids» балаларға арналған музей лагері ашылды. Қатысушыларға музейге қатысты сабақтар, тарихи квест ойындары, суретшілердің шеберлік сабақтары, шығармашылық және қолөнер үйірмелері ұйымдастырылады.

Қазақ Ұлттық өнер университетінде алғаш рет дарынды балаларды қолдауға бағытталған «Дарынды жұлдыз» балалар шығармашылық фестивалі басталады. Жас сайыскерлер «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша өнер көрсетеді, әр қатысушы 2 шығармадан орындайды. Бірі – ана тілінде болса, екінші ән мультфильмдердегі әндерге арналады.

Театр студиясының кішкентай әртістері «Астана Опера» сахнасында «Балалар театрға шақырады» атты концерт қояды. Концерт алдында көрермен жас шеберлер мен суретшілердің жұмыстары қойылған көрмені тамашалай алады.

Астанада музыкалық мектеп оқушылары Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетеді.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертті тамашалады

08.05.2025

Еркеш Шәкеевке Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өткізуге тыйым салынды

07.05.2025

Тоқаев пен То Лам Димаштың өнерін тамашалады

06.05.2025

Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды

05.05.2025

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

24.04.2025

Дженнифер Лопестің концертіне балаларыммен бірге барамын - министр Балаева

24.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертті тамашалады

Еркеш Шәкеевке Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өткізуге тыйым салынды

Еркеш Шәкеевке Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған концерт өткізуге тыйым салынды

Тоқаев пен То Лам Димаштың өнерін тамашалады

Елімізде концерт пен театр билеттері қымбаттайды

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

Дженнифер Лопестің концертіне балаларыммен бірге барамын - министр Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне балаларымен бірге баратынын айтты