Imanbek Президент күзеті қызметіне арналған бейнебаянның аранжировкасын жасады (ВИДЕО)
Бейнебаянда Қазақстанның арнаулы және әскери құрылымдарының жауынгерлік күштерінің іс-қимылы бейнеленген.
"Грэмми" сыйлығының иегері Иманбек Зейнеков Президенттік оркестрдің "ABYROY" тобы орындайтын патриоттық хит-ән - "РУХ" композициясына арналған бейнебаянның аранжировкасын жасауға қатысқан, деп хабарлайды Malim.kz.
Бейнебаян туралы ақпарат Президент күзеті қызметінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
Көптен күткен оқиға! ҚР Отан қорғаушылар күніне арналады! Бірінші болып көр! Президенттік оркестрдің "ABYROY" тобы орындайтын патриоттық хит-ән - "РУХ" композициясының клипінің тұсаукесері! Толық нұсқасы ҚР МКҚ-нің Youtube хостингіндегі парақшасында жарияланды. Сілтеме осы парақшаның биосында! Бейнеклипте Қазақстанның арнаулы және әскери құрылымдарының жауынгерлік күштерінің іс-қимылы бейнеленген, - делінген бейнебаян сипаттамасында.
Режиссері - Еламан Буралкиев. Әуеннің клипке арналған аранжировкасын жасауға Иманбек Зейкенов қатысқаны да нақтыланады.
Фото: видеодан скрин