freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада "Comic Con Astana 2026" фестивалі басталды

Мәдениет
Астанада "Comic Con Astana 2026" фестивалі басталды
https://comicconastana.kz/

Астанада Орталық Азиядағы ең ірі поп-мәдениет фестивалі "Comic Con Astana 2026" басталды. Биыл мерейтойлық бесінші рет ұйымдастырылып отырған фестиваль 5-9 тамыз аралығында «Астана Арена», «Барыс Арена» және «Алау» мұз сарайы алаңдарында өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Фестивальге Қазақстаннан ғана емес, әлемнің ондаған елінен косплейерлер, комикс, аниме, кино және бейнеойын жанкүйерлері жиналды. Бағдарламада халықаралық қонақтармен кездесу, автограф және фотосессиялар, косплей байқауы, ойын аймақтары, авторлар аллеясы, көрмелер, шеберлік сабақтары мен эксклюзивті мерч жәрмеңкесі қарастырылған.

Биыл басты қонақтар қатарында «Game of Thrones» сериалындағы Джейме Ланнистер рөлімен танылған актер Николай Костер-Вальдау мен Netflix түсірген One Piece сериалында Манки Ди Луффиді сомдаған мексикалық актер Иняки Годой бар. Сонымен қатар фестивальге танымал косплей шеберлері, блогерлер мен суретшілер қатысады. "Comic Con Astana" жыл сайын халықаралық деңгейдегі поп-мәдениет алаңына айналып келеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу