«Казактардың формасы біз үшін дәстүрлі киім»

Олжас Қасым

  • 08.01.2021

Казактардың формасы  біз үшін дәстүрлі киім. Менің киім киісімде  криминалды әрекет жоқ. Бұл туралы әлеуметтік желіде казак офицерінің формасы арқылы  сынға қалған Иван ГРОМОВ айтты, деп хабарлайды Malim.kz сайты.

«Сол күні үстіме киген киім әскери форма емес. Ешбір қорғаныс министрлігінде тіркеуде жоқ. Өткен тарихымыз, дәстүріміз ретінде ұмыта алмаймыз. Қазақстан - менің Отаным. Біз қыз алысып, қыз берісіп кеттік. Арамызда қазақ тілінде сөйлейтіндер де бар. Сол күні кішкентай балаларыммен шіркеуге асығып бара жатқанмын. Күн суық еді. Асығып бара жаттым. Видеоға түсірген адам «тарихи Отаным» деген сөзді дұрыс түсінбеді. Сөзімді соңына дейін тыңдамады. Менің тарихи Отанымыз Ресей. Казактар сол жақтан шықты. Айтпағым осы еді. Ал Қазақстан туған жерім. Отаным», - деді Иван Громов Malim.kz сайтының тілшісіне.

Malim.kz тілшісі Қазақстан тәуелсіздігіне тіл тигізген Никонов бастаған Ресей Думасы депутаттарының мәлімдемесіне қатысты да сұрақ қойған еді.

«Никонов деген кеще. Айтып отырғаны ақымақтық. Бұндай болмайтын сөзді айтқанша  Ресейге көуше пейілді қандастарына көмектеспей ме?! Көшу, азаматтық алу сынды мәселелерде. Мен ондай адамның сөзін тіпті талқылағым да келмейді», - дейді көкшетаулық Иван Громов.

Qazhet-те қызу талқыланған көкшетаулық азаматтың казак формасындағы видеосы 6 қаңтар күні жарияланған еді. Артынша видеодағы кейіпкер әлеуметтік желі арқылы да өз жауабын берген болатын.

https://www.youtube.com/watch?v=bDZbjwg7uSA

Ақмола облысында Далалық өлкенің казактар одағы (ОБЩЕСТВЕННОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ "СОЮЗ КАЗАКОВ СТЕПНОГО КРАЯ)  атты қоғамдық бірлестік жұмысын жасап келеді. Бұл ұйым 2017 жылы 24 мамыр күні заңды тіркеуден өткен. Басшысы Евгений АГЕЕВ. Сондай-ақ бірлестіктің Шортанды, Сандықтау, Бұланды, Аршалы, Атбасар, Щучинский сынды аудандарында бөлімшелері бар.

Бұдан өзге де Ақмола облысында казактардың екі бірлестігі бар. Олар: «Ақмола казактар қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Щучинск жерлес казактар» қоғамдық бірлестігі. Оның сыртанда  «Ассоциация русских, славянских и казачьих организаций Казахстана», «Областное культурно- просветительское и общественно- политическое славянское общество «Лад», «Славянское культурно просветительское общество «Истоки»,  «Русская община Казахстана», "Центр славянской культуры "Исток" қоғамдық ұйымдар бар.

Көрнекі фото: tyumencossack.ru

Байланысты жаналықтар

Әкім Оразалин көпбалалы анаға жалған сертификат берген

16.03.2021

Ассамблея: Қиын кезде ұлттық тұтастық керек

18.05.2020

"Достық үйінде" қазақтану процесі жүріп жатыр"

14.02.2020

Тоқтай тұр!.. "Біз – өзгелер" деген - қауіпті элемент.

01.03.2020

Қ.Тоқаев: Арандатушылықтың барлық түріне тойтарыс беру керек

21.10.2021

Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы қызметінен кетті

28.04.2021
MalimBlocks
Әкім Оразалин көпбалалы анаға жалған сертификат берген

Ассамблея: Қиын кезде ұлттық тұтастық керек

"Достық үйінде" қазақтану процесі жүріп жатыр"

Тоқтай тұр!.. "Біз – өзгелер" деген - қауіпті элемент.

Қ.Тоқаев: Арандатушылықтың барлық түріне тойтарыс беру керек

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді деп хабарлайды akorda.kz 

Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы қызметінен кетті