"С праздником 31 мая": Әсем Нүсіпова вице-министр болды

Алмас НҮСІП

  • 21.10.2020

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары болып Әсем НҮСІПОВА тағайындалды. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әсем БЕКҚЫЗЫ бұған дейінде ведомства басшысының орынбасары болып қызмет еткен. 2006-2008 жылдары осы қызметте болған. 2016-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. Даниал АХМЕТОВТІҢ орынбасары болып жүргенде 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні айтқан сөзі мәңгілік ел есінде қалды.

2018 жылы Әсем Нүсіпова Семейде өткен шарада  Әлихан Бөкейханның ескерткіші алдына гүл шоқтарын қойып қағазына шұқшиып  орыс тілінде баяндама жасаған еді. Әңгіме шененунік ханымның орыс тілінде баяндама жасағанында емес. Сөз соңында «С праздником 31 мая!» деп  саяси репрессия құрбандарын еске алу күнін мерекеге айналдырып жіберіп еді.

Айтпақшы, жаңа һәм ескі вице-министр аса білімдар жан. Әл-Фараби атындағы Ұлттық Университеттін аспирантурасына дейін тауысқан. Мамандығы экономист. Сосын Мәскеудегі М. Ломоносов атындағы мемлекеттік университетін аяқтаған. Және Ұлыбритания мен АҚШ-та да білімін жетілдірген.

Фото: twitter.com

Байланысты жаналықтар

«Абай» баспасынан шыққан 35 кітаптың тұсауы кесілді

28.11.2023

Бүркіт ақынды екінші рет өлтірген кім?

23.11.2023

Шетелде қазақ тілін оқыту әдістемесі жасалады

22.11.2023

Әншілердің фонограмма пайдалануына тыйым салу туралы петиция жарияланды

22.11.2023

Кинотанушы: Комедияның алға шығуы – қоғамымызға қойылған диагноз

21.11.2023

Жазушы Мұхтар Мағауин ерекше ұсыныс білдірді

20.11.2023
MalimBlocks
«Абай» баспасынан шыққан 35 кітаптың тұсауы кесілді

28 қараша күні Ұлттық кітапханада «Абай» баспасы шығарған 35 кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Кітаптың әр данасы – 1000 тиражбен шыққан. Аталған баспаның құрылтайшысы әрі директоры Ақберен Елгезек 35 мың дана кітапты басып шығаруға ешқандай мемлекет қаржысы жұмсалған жоқ дейді.

Бүркіт ақынды екінші рет өлтірген кім?

5 миллион қазақтың мүддесін, 250 миллион советтіктердің мүддесінен  жоғары қойған

Шетелде қазақ тілін оқыту әдістемесі жасалады

Әрбір дамыған мемлекет әлемдік деңгейде өз тілін, әдебиетін, мәдениетін жер бетінде мүмкіндігінше көбірек адамдарға үйрету, насихаттау, таныстыру және сол арқылы тілдің әлеуетін арттырып отыр.

Әншілердің фонограмма пайдалануына тыйым салу туралы петиция жарияланды

Кинотанушы: Комедияның алға шығуы – қоғамымызға қойылған диагноз

Оларды көрсетуге мемлекет тарапынан міндеттейтін заң жоқ

Жазушы Мұхтар Мағауин ерекше ұсыныс білдірді

Қаламгер бидайды түркиялықтар «бұғдайы» деп айтатынын тілге тиек етеді