Сәтжановтың сыналар сәті келді

Бүгін Сербияның Белград қаласында бокстан ерлер арасында әлем чемпионаты басталады.

  • 25.10.2021

Биылғы Олимпиада ойындарында сәтсіз өнер көрсеткен Қазақстан боксшыларына жақында бас бапкер болып Қайрат Сәтжановтың келгенін жанкүйерлер жақсы біледі. Қайрат Тұрсынханұлы – еліміз Тәуелсіздік алғалы бері ұлттық құрамаға бас бапкер болып тағайындалған жетінші бас бапкер.

«Malim.kz» сайты әлем чемпионатының қарсаңында Қазақстан құрамасын жаттықтырған жеті бас бапкердің нәтижелерін назарларыңызға ұсынады.

 

Әбдісалан Нұрмаханов (1993-1997)

 

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін боксшыларымызды алғаш рет әлем чемпионатына марқұм Әбдісалан Нұрмаханов апарды. 1993 жылы Финляндияның Тампере қаласында өткен дүниежүзілік додада Болат Жұмаділов, Нұржан Сманов, Аркадий Топаев, Василий Жиров, марқұм Бектас Әбубәкіров сынды боксшылар ел намысын қорғады. Өкінішке қарай, Нұрлан Қалыбаев (57 келі), Нұржан Сманов (67 келі) және Николай Кульпин (+91 келі) ширек финалда ұтылып, медальға бірқадам жерден тоқтады. Тек 75 келі салмақта өнер көрсеткен Василий Жиров украиналық боксшыдан айласын асырып, жартылай финалға шықты. Алайда, Жиров та алысқа ұзамады. Финалға берілетін жолдаманы түрік боксшысымен сарапқа салған ол қарсыласынан 2:9 есебімен ұтылып, әлем чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.

1995 жылы Берлинде (Германия) өткен әлем чемпионатында Әбдісалан Нұрмаханов бастаған жігіттер екі жүлдемен оралды. Атап айтсақ, 51 келіде жұдырықтасқан Болат Жұмаділов күміс медальдің иегері атанса, Василий Жиров екінші рет жартылай финалда сүрініп, қола жүлдені қанағат тұтты. Финалда бокстасқан Болат Жұмаділов шаршы алаң иесі Золтан Лункаға есе жіберді.

 

Тұрсынғали Еділов (1997-2002)

Ұлттық құраманы Атланта олимпиадасынан кейін Тұрсынғали Еділов алды. Ол боксшыларымызды үш бірдей әлем чемпионатына алып барды.

1997 жылы Венгрияның Будапешт қаласында өткен әлем біріншілігінде Ермахан Ибрайымов пен Болат Жұмаділов күміс және қола жүлдегер атанды.

Ал, 1999 жылы АҚШ-тың Хьюстон қаласында ұйымдастырылған әлемдік жарыс қазақ боксының тарихында алтын әріппен жазылғаны барша жанкүйерлердің жадында шығар. Мұхиттың арғы бетінде өткен дүниежүзілік додада 51 келі салмақта ел намысын қорғаған Болат Жұмаділов топ жарды. Болат – бокстан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы!

Сидней олимпиадасынан кейін Қазақстан құрамасында буын алмасты. Ермахан Ибрайымов, Болат Жұмаділов сияқты тәжірибелі боксшылардың орнын жас боксшылар басты. Содан да болар, 2001 жылы Ирландияның Бельфаст қаласында өткен әлем чемпионатында боксшыларымызға бір күміс медаль ғана бұйырды. Оны 57 келідегі Галиб Жафаров жеңіп алды. Бұл Тұрсынғали Еділовтің бас бапкер ретіндегі соңғы әлем чемпионаты болатын. Еділов 2002 жылы жазғы Азия ойындарынан кейін ұлттық құрама тізгінін босатты.

 

Ермахан Ибрайымов (2002-2004)

Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибрайымов құрама команданы екі жыл ғана жаттықтырды. 2003 жылы оның басшылығымен біздің боксшылары әлем чемпионатының екі алтын медалін жеңіп алды.

 

Дамир Буданбеков (2004-2009)

Афины олимпиадасынан кейін құрамаға бас бапкер болып тағайындалған Дамир Буданбековтің алғашқы әлем чемпионаты сәтті болды. Тұңғыш рет Қазақстан құрамасының боксшылары әлем чемпионатынан бес медаль әкелді. Оның екеуі алтын медаль.

Дамир Бұлтбайұлының қызметінен кетуіне 2009 жылы Миланда өткен әлем чемпионаты әсер етті. Сол чемпионатта Қазақстан құрамасы жалғыз қола медальмен қайтқан еді. Содан екі жыл бұрын Буданбеков бастаған жігіттер Чикагодан (АҚШ) 1 алтын, 2 қола медальмен қайтқан.

 

Мырзағали Айтжанов (2009-2018)

Қазақстан бокс тарихында ұлттық құраманы ең ұзақ басқарған – Мырзағали Айтжанов. 2009 жылы Дамир Буданбеков қызметінен кетіп, Қазақстан бокс федерациясының таңдауы Мырзағали Айтжановқа түсті.

Мырзағали Құланұлының басшылығымен біздің боксшылар төрт бірдей     әлем чемпонатында бақ сынады. 2011 жылы Бакуде (Әзірбайжан) өткен әлем біріншілігінде Серік Сәпиев пен Әділбек Ниязымбетов финалда ұтылып, күміс медаль алса, Ғани Жайлауов пен Иван Дычко қола жүлдегер атанды.

2013 жылы Мырзағали Айтжановтың шәкірттері Алматыда өткен әлем чемпионатында айды аспанға шығарды. Тарихта тұңғыш рет еліміздің сегіз бірдей боксшысы жартылай финалға жолдама алып, оның тең жартысы өз салмақтарында топ жарды.

2018 жылдың соңында Мырзағали Айтжанов қызметінен кетті. Оның орнын жастар құрамасын жаттықтырған Ғалымбек Кенжебаев басты.

(2018-2021)

Токио олимпиадасындағы сәтсіздікке «тікелей кінәлі» деп танылған Ғалымбек Кенжебаев жастар құрамасында өте жақсы жұмыс істеді. Жас боксшыларымыз Азия, әлем чемпионаттарында медальді молынан алып,

2019 жылы әлем чемпионатында боксшыларымыз 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль алды. Бұл жаман нәтиже емес еді. Бірақ, 2021 жылғы Азия чемпионатында біздің жігіттердің бірде-біреуі жеңіс тұғырына көтеріле алмады. Бұл аз болғандай, жазғы Олимпиада ойындарында Кенжебаев баптаған жігіттердің арасынан да алтын медаль алатын боксшы табылмады. Токиодағы сәтсіздіктен кейін бас бапкер өз еркімен құрамадан кетті.

Міне, Қазақстан құрама командасын жаттықтырған бас бапкерлердің әлем чемпионатындағы жетістіктері осындай. Бұл тізімді бұдан әрі Қайрат Сәтжанов жалғастырады. Ұлттық құрамаға келе салысымен түбегейлі өзгеріс жасаған Сәтжановтың нағыз сыналар сәті осы Сербия шаршы алаңы болмақ.

Байланысты жаналықтар

Қайрат Сәтжанов - Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері

16.08.2024

Мырзағали Айтжанов: Екінші Олимпиадада алтынсыз қалдық

08.08.2024

«Алға бармай, күтіп алып ұр» дедік – Мырзағали Айтжанов

04.08.2024

«Менің ойымша, Сәкен жеңді». Мырзағали Айтжанов Сәкен мен Хасанбойдың боксына пікір айтты

03.08.2024

Бауырым, бауырларым, қайтейік...

02.08.2024

Жігіттеріміз рингте барын салып, елге абыроймен оралғымыз келеді – Мырзағали Айтжанов

04.06.2024
MalimBlocks
Қайрат Сәтжанов - Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері

Бапкерлік еңбек өтілі - 34 жыл.

Мырзағали Айтжанов: Екінші Олимпиадада алтынсыз қалдық

Бас бапкердің айтуынша, олимпиада тосын жағдайлар көп болған.

«Алға бармай, күтіп алып ұр» дедік – Мырзағали Айтжанов

Бас бапкер Нұрбек Оралбайдың жартылай финалдағы жеңісіне баға берді

«Менің ойымша, Сәкен жеңді». Мырзағали Айтжанов Сәкен мен Хасанбойдың боксына пікір айтты

Париж Олимпиадасы боксшыларымызға ең нашар ойын болып тұрғанын мәлілдеді

Бауырым, бауырларым, қайтейік...

Сендердің еш кінәларың жоқ. Кінә бізде. Сендерге қорған бола алмаған...

Жігіттеріміз рингте барын салып, елге абыроймен оралғымыз келеді – Мырзағали Айтжанов

Ол іріктеу жарыстары боксшыларға қиын соққанын айтты.