«Шырмауық» фильмі жуырда көрерменге ұсынылады
«Шырмауық» кинокартинасының сценарий авторы және қоюшы режиссері Азамат Шарғынның бұл дебюттік жұмысы
Биылғы жылғы мемлекет қолдауымен өндіріске жіберілген фильмдер қатарында «Шырмауық» кинокартинасы да бар. Режиссері бұған дейін актер ретінде кеңінен танылған – Азамат Шарғын.
Фильмнің түсірілім жұмыстары жаз айларында аяқталған болатын. Қазір монтаждық кезеңі аяқталуға жақын. Толық монтаждалған туындының актерлармен дыбыстау кезеңі де жасалып бітті. Кәсіби мамандардың қатысуымен кинокартина боялып, соңғы жұмыстары атқарылып жатыр.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы арқылы өндіріске жіберілген фильмді эксперттік кеңес мүшелері тамашалап, оң бағасын берді.
Күрделі әлеуметтік-психологиялық мәселелерді көтеретін авторлық фильм адам жанының шиеленіске толы қатпарларын, отбасы құндылығын, өтпелі кезеңде ғұмыр кешкен жоғалған ұрпақтың тағдырын арқау етеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Шырмауық» кинокартинасының сценарий авторы және қоюшы режиссері Азамат Шарғынның бұл дебюттік жұмысы.