Тоқтай тұр!.. "Біз – өзгелер" деген - қауіпті элемент.

Malim Админ

  • 01.03.2020

Белгілі журналист,  қоғам сұранысына қажет деген кітаптарды (әлемдік бестселлер) қазақ тіліне аударып, шығарып жүрген Шыңғыс Мұқан алғыс айту күні туралы өз пікірін фейсбук парақшасына жазды.

«Алғыс айту күні дегенді түсінбеймін. Айып етпеңіздер. Неге екенін түсіндірейін.

Біздің Ассамблеяның ниеті дұрыс болғанымен, қолданып келген идеологиялық құралдары мен ұстанымдары дұрыс емес.

Бір ұлтпыз деп бірлікке шақырудың орнына, 130 ұлтпыз деп бөледі. Көпұлттылық деген жасанды сын есім содан шыққан.

Бүгінгі мереке де осы ұстанымның нәтижесі. "Біз бен өзгелер" деген бөліністің жарқын көрінісі. "Біз - қазақтар, сендер - өзге ұлттар. Бізге алғыс айтыңдар. Байырғы бір заманда ата-бабаларымыз (біз емес) бауырына басқан". Шамамен осыны меңзеп тұрмыз?..» деген Шыңғыс Мұқан қазақ жеріне өзге этнос өкілдері тек депортациямен келмегенін алға тартады. Пост авторының пікірінше ешкім ешкімге алғыс айтуға міндетті емес. Біреуден алғыс күту рухани кемдіктің белгісі екен.

«Тоқтай тұр! Қазақстандағы өзге этностардың көбі жер аударылып келген жоқ. Тың игеруге келгендер бар. Қазақ қонысын тартып алып, басқыншылықпен келгендер бар. Үлкен ғылым мен өнер, ізгілік алып келгендер бар. Айтпағым ол емес. Кім қалай келсе де, одан бері әр этнос қазақ жасаған жақсылықты қайтарды деп ойлаймын. Егер дәстүрлі логикасымен ойласақ. Ал шын мәнінде бұл логика мүлдем дұрыс емес.

Ешкім ешкімге қарыз емес. Бір топқа бір топ жоспарлы түрде алғыс айтудан жасандылық аңқып тұр. Сүйіспеншілік көрмей, теперіш көріп өскен баланың тірлігі сияқты. Әр нәрседен мейірім күтетін, алғыс күтетін. Кемел адам алғысты өзгеден сұрап ала ма? Жалпы, шын алғыс тіпті айтылмайды. Адамның ниеті мен мінез-құлқы айтып тұрады. Күнделікті іс-әрекетінін көрініс табады», – дейді Шыңғыс Мұқан. Бұ кісінің пікірінше ассамблея 1 мамыр күніне кең мағына беріп, дұрыс мерекеге айналдыру керек. «Біз және өзгелер» деген ұстаным Қазақстан халқын бөліп тұрғанын айтады. Бұл жағынан қазіргі билік өкілдері тарихи санаға қайта алмай отырғандай.

«Алғыс айту күнінен гөрі, маған Қазақ(стан) халқының бірлігі күні ұнайды. Ассамблеяға тойлайтын дата керек болса, "көп этностар қазақ ұлты болып біріккен күн" деп 1 мамырды таргеттеу керек.

"Қазақ ұлтының бірлігі күні" деп қайта аталсын. Тегін идея керек болса. "Халық" деген сөздің өзі сәннен шығып бара жатыр. Төл сөзіміз болғанымен, Кеңес өкіметі промоушн жасаған лексика болған соң, оның идеологиялық семантикасынан секем алушылар көп.

Сонымен, "халық" деген сөзді емес, "ұлт" деген жаңа да ескі сөзді ұстанар болсақ, онда былай: сайын даланы ру-ру болып жайлаған бабаларымыздың кезінде даналығы жетіп, umbrella term қалыптастырып, бір этнонимнің астында бірікті. "Талайлы тарих тоғыстырған этностар да болашағын Қазақстанмен байланыстырғысы келсе, көп этностар бір ұлтқа - қазақ ұлты деген ұғымның төңірегіне бірігейік" деп месседж тасталса.

Жеке пікірге бола, кезінде ура-урамен өтіп кеткен атаулы күнді ешкім алып тастай қоймас. Бірақ бұл күннің болашағы жоқ. Бүкіл мемаппарат пен Ассамблея күшеніп, "алғыс айта қойыңдаршы" деп өтетін атаулы күн өтер-ау бірдеңе етіп, бірақ оның астарында "біз – өзгелер" деген ыдыратушы қауіпті элемент жатыр», – депті сөз соңында пост авторы.

 Жазба автордың рұқсатымен жарияланды.

Байланысты жаналықтар

Қазақ дастарханы – береке бастауы

16.10.2024

24-25 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтеді

20.03.2024

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

28.10.2023

Ассамблея мүшелері «Қазақтану» ақпараттық ресурсын құруды ұсынды

05.11.2022

Қ.Тоқаев: Арандатушылықтың барлық түріне тойтарыс беру керек

21.10.2021

Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы қызметінен кетті

28.04.2021
MalimBlocks
Қазақ дастарханы – береке бастауы

Бүгін Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің атсалысуымен дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті.

24-25 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтеді

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоғамдық қоры Ұлыбритания үкіметінің қаржылай қолдауымен «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы жүзеге аса бастады.

Ассамблея мүшелері «Қазақтану» ақпараттық ресурсын құруды ұсынды

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілерімен, этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті.

Қ.Тоқаев: Арандатушылықтың барлық түріне тойтарыс беру керек

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді деп хабарлайды akorda.kz 

Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы қызметінен кетті