Түркістан облысында екі мың жыл бұрын жасалған алтын әшекейлер табылды (ВИДЕО)

Мамандардың айтуынша, тарихи жәдігерлер Қаңлы кезеңіне жатады.

Malim Админ

  • 23.05.2024

Түркістан облысында археологиялық қазба жұмыстары кезінде ескі қорым табылды. Ішінен 2 мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған алтын әшекейлер шықты, деп хабарлайды Malim.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Қарааспан ауылына жақын Төлебай төбе қорымындағы үшінші обада әр жылдары жерленген бес адамның мүрдесі де болды. Археологтар тапқан зергерлік бұйымдардың жасалу технологиясы ерекше. Айшық тәрізді алтын сырғалар асыл тастармен безендірілсе, тұрмыстық заттар да қоламен көмкерілген. Мамандардың айтуынша, тарихи жәдігерлер Қаңлы кезеңіне жатады.

Қос сырға зергерлік өнердің қайталанбас үлгісі іспетті. Мен сенімді түрде олардың Қаңлы мемлекетіне тиесілі екенін айта аламын. Сол заманның дәстүрлі мәдениетінде осындай алтындар қолданылған. Көбіне Грек қалалары мен Рим империясында кездеседі. Бірақ, көріп тұрғандарыңыздай, олар осы өз даламызда табылып жатыр, - дейді Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ профессоры Александр Подушкин.

Қорымды зерттеу жұмыстары ұзақ жылдар бойы жүргізіліп келеді. Бұл жолы 3 бірдей оба қазылып, соның екеуі тоналғаны анықталды. Дегенмен археологиялық ошақтан табылған хан айнасы құнды олжа санатында. Сонымен қатар ірілі-ұсақты моншақтар мен түйреуіш бар. Енді қаңқа сүйектері зерттелмек.

Бұл жерде ауқатты адамдар жерленген. Яғни, бұл жерленген қаңқа сүйектеріне қарап, олардың әр уақыт аралығында жерленгенін байқауға болады. Табылған артефактілерге байланысты сондай шешім шығаруға болады. Антропологтарға берген кезде сүйектеріне және тістеріне қарап, олардың жасын анықтайды, - деп атап көрсетті археологиялық экспедиция мүшесі Гүлмира Стамқұлова.

Тарихи маңызға ие жәдігерлердің біразы арнайы зерттеуден соң "Ордабасы" музейіне қойылады. Ал ерекше қолданбалы өнер туындыларын республикалық маңызы бар музей қорына өткізу жоспарланып отыр.

Фото: 

Байланысты жаналықтар

Түркістан облысында 500-дей мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

27.08.2024

Түркістан облысы Дезинфекция орталығының бас директоры сотталды

01.08.2024

Түркістанда департаменттің экс-басшысы мен сыбайластары сотталды

30.07.2024

Астанада қанша адам тұратыны белгілі болды

04.07.2024

Түркістан облысында терроризмді насихаттағаны үшін 4 азамат ұсталды

27.06.2024

Қазақстандық түлек әлемдегі 40 университеттің грантын жеңіп алды

24.06.2024
MalimBlocks
Түркістан облысында 500-дей мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

Жалған дипломмен жұмыс істегендер жайында тексеру кезінде анықталған. Ал бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Тамыз кеңесінде айтты.

Түркістан облысы Дезинфекция орталығының бас директоры сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Түркістанда департаменттің экс-басшысы мен сыбайластары сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Астанада қанша адам тұратыны белгілі болды

Жыл басында елімізде 20 033 841 адам өмір сүрсе, 1 маусымдағы көрсеткіш бойынша халық саны - 20 139 914.

Түркістан облысында терроризмді насихаттағаны үшін 4 азамат ұсталды

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазақстандық түлек әлемдегі 40 университеттің грантын жеңіп алды

Ислам 7-ші сыныптан бастап түрлі білім сайыстарында жетістіктерге қол жеткізді