ҰБТ жемқорлыққа қарсы

Malim Админ

  • 07.02.2020

Дәл бүгінгі күн – білім мен таланттың күні. Мемлекет тарапынан жастарға айтарлықтай қолдау да көрсетіліп келеді. Ең алдымен мектеп оқушылары басты назарда. Осы уақытқа дейін ең жиі ауысқан министр – Білім және ғылым министрі. Оның әртүрлі себебі бар. Бір жағы елімізде білімге баса назар аударылып келе жатқанынының көрінісі, екінші жағынан ос салада олқылықтың көп екенін көрсетеді. Халықтың көңілі толмайды. Оған себеп мектеп бағдарламасының әр министр келген сайын өзгеріп, онымен бірге оқулықтарың да жаңара беруі.   Бұл мектеп түлектерінің білім сапасына да айтарлықтай әсер етеді. Бұның аяғы сыбайласжемқорлыққа да алып келеді.

Осыған дейін Ұлттық тестілеу орталығының басшысы сыбайлас жемқорлықпен айналысып, тұтқындалып, сотталғаны белгілі. Ендігі Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов мүлде өзге ұстанымда екенін көрсетті.

Ұлттық тестілеу орталығына немесе ҰБТ-ға қатысты кез келген жемқорлық фактілері туралы хабарлағандарға сыйақы берілетін болды. Қазір жемқорлықпен күрестің осындай түрі пайда олды. Осыған ұқсас мәлімдемені Сыбайлас жемқорлықпен қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев та айтқан болатын.  Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының директоры міндетін атқарушы Дидар Смағұлов өз қалтасынан жемқорлыққа қарсы күреске көмектескен азаматқа 100 мың теңге төлеуге дайын екенін мәлімдеген.

«Әлеуметтік желілерде Ұлттық тестілеу орталығы тестілерді сатып жатыр деген қауесеттер тараған болатын. Бұл ретте осы тектес ақпараттарды жоққа шығарғым келеді. Орталықтағы қызметкерлердің, әріптестерімнің өз ісіне адал екенін сеніммен айта аламын. Өкінішке қарай, әлеуметтік желіде тест жауаптары сатылып жатқандығы туралы жиі айтылады. Тексеру нәтижесінде бұл жалған ақпарат болып шығады немесе бірнеше жыл бұрынғы тестілер екені анықталады», - деген Дидар Смағұлов жемқорлықпен күрес шараларына арналған кеңесте.

Осы уақытқа дейін жыл сайын Ұлттық бірыңғай тестілеу кездерінде нұсқалардың жауаптары жазылған парақшалар сатылымға шығып кететін. Немесе бұл салада өзінің орнына басқа, білімді адамды кіргізіп жүргендер де табылған. Ал арнайы сериялы нөмер алған оқушының орнына басқа жан қалай кіруі мүмкін? Қатал бақылау бар емес пе? Осындай сұрақтардың туу да заңды. Алайда сыбайласқан, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық әр нәрсеге «амал» табады. Адамнан айла артылмайды. Осындай әрекеттердің барын ескерген басшы ұсынысы халық тарапынан қолдауға ие болар ма екен?

«Өздеріңіз білесіздер, сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлағаны үшін ынталандыру бар. Бұдан бөлек, жемқорлық фактісі бойынша 100 мың теңге сомасында сыйақы енгізбекпіз. Бұл бюджет қаржысынан төленбейді, бұл соманы өзімнің жеке қаражатымнан бөлемін. Біздің саладағы жемқорлыққа қатысты кез келген нақты ақпаратты хабарлағандарға аталған сыйақыны беруге дайынмын. Атап айтқанда, өз әріптестерімнің таза екеніне сенімдімін. Осы кісілермен жарты жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін», - деген Ұлттық тестілеу орталығының директоры міндетін атқарушы.

Жемқорлыққа қатысты хабарлаған адамдардың құпиялығы сақталатын болады. Әлеуметтік желілерде Дидар Смағұловтың парақшалары ашылған, телефон нөмірлері де көрсетілген. Жемқорлық фактілері туралы ақпаратқа сыйақы төлеуге Ұлттық тестілеу орталығының басшысы дайын. Кейін бұл мәліметтер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тапсырылып, қажетті шаралар қабылданатын болады.

Мұндай тәсіл жемқорлық саласында тиімді бола ма? Тамыры тереңге кеткен сыбайлас жемқорлықпен бұлайша күрессе тек төменгі деңгейдегі қылмыстар ашылуы мүмкін. Алайда билік басындағылардың етек басты, көз қысты әрекеттері әшкере бола қоюы неғайбіл. Бәрін уақыт көрсетеді.

Байланысты жаналықтар

Президент Лаки Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтады

22.07.2024

«Хиджаб кигізіп, намаз оқытам». Ұланғасыр Қами болашақ әйеліне талаптарын айтты

21.07.2024

Қайрат Нұртас қамаудан шықты (ВИДЕО)

20.07.2024

Өнер иелері тойдан бөлек табысты қайдан табады?

18.07.2024

Ақмола облысында тасқа қашалған көне артефакт табылды

17.07.2024

«Қарызға баттық!». Жылға жуық жалақы алмаған «Қазақфильм» қызметкерлері бас көтерді (ВИДЕО)

17.07.2024
MalimBlocks
Президент Лаки Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Хиджаб кигізіп, намаз оқытам». Ұланғасыр Қами болашақ әйеліне талаптарын айтты

Ол «Хиждаб» арабтікі» деген сөзге пікірін білдірді

Қайрат Нұртас қамаудан шықты (ВИДЕО)

Ол ұшақтағы бұзақылығы үшін 15 тәулік жатып шықты

Өнер иелері тойдан бөлек табысты қайдан табады?

Қазақстандағы өнер иелерінің қосымша кәсіптері туралы дерек жария болды.

Ақмола облысында тасқа қашалған көне артефакт табылды

Ғалымдардың пікірінше, әзірге тасқа қашалған адам бейнесіндегі ежелгі мүсіннің қай дәуірге жататынын айту мүмкін емес.

«Қарызға баттық!». Жылға жуық жалақы алмаған «Қазақфильм» қызметкерлері бас көтерді (ВИДЕО)

Олар Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Азамат Сатыбалдыны кінәлайды.