Яссауидің асыл мұрасы ұлтқа азық

Ғұламаның ғибратқа толы телегей-теңіз шығармашылық мұрасын  заман талабына сәйкес жаңаша дәріптеу бүгінгі күннің басты міндет-мақсаты

Malim Админ

  • 20.06.2023

Байтақ еліміздің қай қиырында да, қай кезеңде де ойшыл-ғұламалар маңызды рөл атқарған. Олар халықты бірлікке үндеп, қазақ көгінде күндей болып жарқырады.     Дінде терең, ғылымда кемел, тарих пен әдебиетке жетік болды.   Жаһандану тасқыны артқан уақытта  біз ұлт тұлғаларына жүгінеміз.  Алдымыздағы заман көк тұман болып тұрған кезде бет түзейтін бағдарымыз – Қожа Ахмет Яссауи, Әл-Фараби сынды кемеңгерлер.  Ұлы дала даналарының дін, иман, жан, рух  жөніндегі ілімі еш уақытта маңызын жоғалтқан емес. Халқымыздың бітім-болмысы да адамгершілік, сыйластық, имандылық, білімге құштарлық сияқты ізгі қасиеттермен көмкерілген.  Ұлттың рухани мұралары қанша ғасырдан бері дін қағидаларымен берік үйлесім тауып келеді.Түркі әлеміне  ислам дінінің кірігіп, ағартушылық мән-маңызға ие болуына айтарлықтай үлес қосқан кемеңгердің бірі Қожа Ахмет Яссауи екендігі мәлім. Ғұламаның ғибратқа толы телегей-теңіз шығармашылық мұрасын  заман талабына сәйкес жаңаша дәріптеу бүгінгі күннің басты міндет-мақсаты. Биыл Түркі  жұртының рухани ұстазыЯссауидің дүниеге келгеніне 930 жылтолып отыр. Дала данасы, ұлы ойшылдың мерейтойын атап өтуге мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлыныңөзі бастамашы болды. Өткен айдың 17 маусымы күні президент Тұран топырағына, Түркістан шаһарына іссапармен барып, арнайылап Яссауи кесенесіне тәу етті.  Осы мазаратта мәңгілік тыныс тапқан қазақтың біртуар тұлғаларына дұға бағыштап, алыптар рухына тағзым етті.  Осы сапарда мемлекет басшысына «Әзірет сұлтан» музей-қорығының көлемінде іске асып жатқан ескерткіштерді реставрациялау жұмысы жайында ақпарат берілді.

Кейінгі уақытта әлемге аты әйгілі Яссауи кесенесі жөнінде жағымсыз хабар тарағаны баршымызға белгілі.  Тарихи нысан күмбезінің сыртқы қабаты жидіп, қопсып, қабырғалары ылғалдана бастағанын депутат Мақсат Толықбай парламент мінберінде көтерген болатын. Ол сан ғасырлық тарихы бар кесенеге қайта жаңғырту жұмыстарының немқұрайлы жасалғанын, соның кесірінен сағананың жер астына жұтылып кету қаупі бар екендігін ескерткен еді. Осыны қаперге алған президент Тоқаев еңселі ескерткіштің, қастерлі қорымды көздің қарашығындай сақтауды шегелеп тапсырды. Иә, расында да еліміздің руханияты мен мәдениеті айрықша ерекшелікке ие. Оны заманның ереже-талабын ескере отырып, әлемге паш етуді қолға алған жөн. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың айтуынша, ЮНЕСКО-ның тізімінен ойып орын алған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қойнауы терең, тағылымды тарихымыздың айқын нышаны санатынан. Еліміздегі киелі орындардың бірі ретінде айрықша назарға алынған нысан. Президент  осы ретте ұлттың теңдессіз жауһар туындысына тарихи-мәдени ескерткіш статусын беру жайлы ұсыныс енгізілгенін қолдайтынын жеткізді.  Тұран өңіріндегі рухани үрдістер бүгінге дейін лайықты жалғасын табуда. Бірақ, бұл жұмыстар әлі де жеткілікті деңгейде емес. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан төрінде өткен құрылтайда «Ясауитану» ғылыми инситутын немесе  орталығын ашу туралы ұсынысын ортаға салды.

Ғалымдар бұл ұсыныстың дер кезінде айтылғанын құптайды. Ойшылтуындыларындағы дін мен іргелі ілім өскелең ұрпақ үшін құнды мұра.  Жастардың таным көкжиегін арттыруда Яссауи  еңбектері көбірек қолданылса   нұр үстіне нұр болар еді дейді олар.  Саясаттанушы Жақсыбек Жиенәлиев қазақтың ғылымы мен әйгілі ғалымдарын жер-жаһанға танытатын уақыт келді деген пікірде.  «Қазір ғылыми бағыттағы оқу орындары мен орталықтардың мәртебесін жоғарылаты бастамалары көтеріліп жатқаны бізді қуантады. Мемлекет басшысының яссауитану орталығын құру жайындағы бастамасы алдымыздан бірнеше мүмкіндік ашады. Көрнекті тұлғаның зерттелмей жатқан еңбектері аз емес. Соларды ыждахаттап, ғылыми айналымға енгізсе жастар үшін жасаған ілкімді іс болмақ. Яссауи  адамзатқа хақ жолы деп ар-ождан,имандылық, әділет құндылықтарын ұсынды. Ұлтына, жынысына, түр-түсіне немесе абырой- дәрежесіне қарай кісі баласын  алалауға қарсы болды. Ұлттар арасындағы, бай мен кедей арасындағы қайшылыққа жол бермеуге үндеді.  Мұндай ізгі ойлардың тамыры ойшыл еңбектерінде толып тұрғаны айқын»,-дейді. Атаулы жыл аясында қаламгерлер де аянып қалмақ емес. Мәселен, жазушы Жолтай Әлмаш киноповесть жанрында «Абыздың ғұмыры» атты шығарма жазған. Сонымен қатар, «Хақ-ғұмыр» деген драмалық еңбегін оқырманға ұсынып отыр.  

Қай заманда айтылса да саңлақ тұлғалардың ұлағатқа толы мирасы ұлтқа азық.  Олардың өмірсүйгіш жауһарлары адамның ақыл-ойымен бірге жасап отырмақ. Ғұламаның халықтың өресін көтеретін ғибратты туындылар көңілге түрлі ой салып, алдымыздан даңғыл жол ашады.

Байланысты жаналықтар

Жақып Омаров: Қазақ театр өнерінің қаһарман ұлы

07.11.2024

Қазақстанда академиялық хаб құрылады

18.10.2024

Қазақстанда алғаш рет студенттер арасындағы Enactus World Cup өтуде

03.10.2024

«Болашақ» стипендиаттарына қанша қаржы бөлінді?

23.09.2024

Студенттердің стипендиясы 50%-ға көбейеді

29.08.2024

Оқуға түсе алмай қалған талапкерлерге грант тағайындалды

28.08.2024
MalimBlocks
Жақып Омаров: Қазақ театр өнерінің қаһарман ұлы

Биыл көрнекті режиссердің туғанына 85 жыл

Қазақстанда академиялық хаб құрылады

Білім және ғылым мен инновация салаларындағы ынтымақтастықты ұлғайтудың маңызы зор

Қазақстанда алғаш рет студенттер арасындағы Enactus World Cup өтуде

«Болашақ» стипендиаттарына қанша қаржы бөлінді?

Бағдарлама бойынша 939 қазақстандық білім алып жатыр

Студенттердің стипендиясы 50%-ға көбейеді

Бакалавриат 20%-ға, магистратура мен докторантура 15%-ға артты

Оқуға түсе алмай қалған талапкерлерге грант тағайындалды

Жоғары оқу орындарына қабылдану үшін құжат тапсыру керек