Жаңа адамдар Жаңа Қазақстанды бірігіп салмақ

Астанадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы қайбір күні жаңа адамдарға толып қалды. «Жаңа Адамдар» деп өздеріне ат қойып алған жастар қозғалысы жаңа адамдармен «Қазақстанды бірге салайық» деген бастама көтерді.

Айбек Ережеп

  • 31.01.2023

Жастар қозғалысының жаңа адамдар деп отырғаны сәбилер мен бүлдіршіндер. Олардың айтуынша, олар жаңа Қазақстанда өмірге келді, енді жаңа Қазақстанды бірігіп салады. Бесіктен белі шықпаған бала жаңа Қазақстанды қалай салсын? Жастар қозғалысы бұл сұраққа жауапты оңай жерден тауыпты. Олар «Қазақстанды бірге салайық» бояу кітапшасының тұсаукесерін кесті. Сосын, 4-12 жас аралығындағы балалардың қолына түрлі түсті қарандаш ұстатып, «жұмысқа» салып қойды. Балалар бұл жұмысқа құлшына кірісті. Әсіресе, «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы» мекемесінен келген балалар шығармашылық тапқырлықтарымен ерекше көзге түсті.

«Халқымызда «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген мақал бар.  Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие саласы басымдықта болуы керек. Біз жай ғана балаларға арналған бояу кітапшасын дайындаған жоқпыз. Ондағы әрбір сурет балалардың нағыз қазақстандық болып өсуіне көмектесетін адами қасиеттер мен құндылықтардың бірін сипаттайды. Балалар суреттерін бояп отырып, осы қасиеттерді өздері үшін сынап көреді және жақсарады. Сонымен қатар, бұл ата-аналар үшін балаларымен ел болашағы туралы сөйлесуге себеп болады» дейді «Жаңа Адамдар» белсендісі  Мирас Ахметов.  

 

 

Байланысты жаналықтар

Абайдың атын айтып малданамыз, ауылын көрсек қорланамыз  

07.06.2023

Әлемдік деңгейдегі қойылым Түркістан театрының қоймасында жатыр

05.06.2023

ZhuldyzArt: Малайзиядан алған білім танымалдылығымды арттырды

02.06.2023

Шәкәрім шаңырағын не күтіп тұр?!

29.05.2023

Жидебайға жемқорлық емес, қамқорлық керек     

26.05.2023

Астана туралы үздік әндерге байқау жарияланады

23.05.2023
MalimBlocks
Абайдың атын айтып малданамыз, ауылын көрсек қорланамыз  

Абайдың қолжазбалары, домбырасы, тоғызқұмалағы, Құнанбай қажының кісе белбеуіне қауіп төніп тұр

Әлемдік деңгейдегі қойылым Түркістан театрының қоймасында жатыр

Әлде, жақсылығын асырып, жамандығын жасырып қалудың әрекеті ме?

ZhuldyzArt: Малайзиядан алған білім танымалдылығымды арттырды

Өзіміздің төл туындылар экспонат деңгейінде қабылданатыны қынжылтады

Шәкәрім шаңырағын не күтіп тұр?!

Абай арманын ақиқатқа айналдырам дегеніне «Батыраштар» мұрша бермеді

Жидебайға жемқорлық емес, қамқорлық керек     

Бұл жөнсіздікке қатысты адам деп Абай музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбайдың аты аталды

Астана туралы үздік әндерге байқау жарияланады

Елорданың 25 жылдығына орай өтетін бұл байқаудағы ең үздік жұмыстар Астананың 25 жылдығына арналған ән жинағына енетін болады