Жұрынов: Аймағамбетовтің министрлігін екіге бөлген дұрыс

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 29.12.2020

Асхат Аймағамбетов басқарып отырған Білім және ғылым министрлігінің базасында екі министрлік құруды ұсынған сенатор қазіргі министрліктің жүгі өте ауыр екенін айтты.

Бүгін Сенат отырысында әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы: «Білім және ғылым министрлігінің базасында екі министрлік құру керек деп есептеймін. Білім министрлігі және Жоғары білім мен ғылым министрлігі», - деді.

Депутаттың сөзінше, қазіргі министрлік балабақшадан бастап жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алу салаларының бәрін қамтиды. Бұл ауыр жүк. Басқа бірде-бір мемлекеттің бұндай министрлігінде осыншама жүктеме жоқ екен.

Осыдан бір жыл бұрын, тарихшы, академик Уахит Шәлекенов «Жаңа Алаш» ютуб арнасына берген сұхбатында осы пікірді айтқан болатын.

«Бізде ғылым жатып қалды. Себебі бұрынғы академияны тарқатып жіберді. Қазақ Ұлттық академиясын. Бұрын ғылымды академия басқаратын еді. Ғылыми институттар басқарусыз қалды. Оған қосымша ғылыми институттарға айтарлықтай ақша бөлмейді. 2019 жылы ғылымға бөлінген ақша республикалық бюджеттің 0,16 пайызы ғана. Ол ақша ма?

 Ғылыми институттар өлместің күнін көріп отыр. Дұрыс ғылыми жұмыс жасай алмайды. Қазақстанды киелі жер, киелі емес жер деп екіге бөліп тастады. Осындай тақырып бола ма? Қазақ жерінің бәрі киелі. Киелі емес жер жоқ. Ақылға сыймайтын дүние. Осындай жоқ нәрсемен айналысып жатыр.

Ғылым қазіргі министрліктің құрамында. Білім және ғылым министрлігі деп аталады. Бұл министрлік осы екі саланы көтере алмай жатыр. Екеуі де үлкен нәрсе. Сондықтан бастауыш, орта мектептерді Ағарту министрлігі басқару керек. Білімді, жоғары оқу орындарын басқа министрлік басқару керек. Сөйтіп ғылымды жолға қою керек» деген болатын.

Депутат Мұрат Бақтиярұлының ұсынысына байланысты Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновқа хабарласып пікірін білдік. Жұрыновтың айтуынша, бұл дұрыс ұсыныс. Білім мен ғылым екі бөлек сала. Және ғылымды білетін адам басқаруы керек.

«Бұл практикада бар нәрсе. Бірақ жаңа министрліктің атын Жоғары білім және ғылым емес, Ғылым және Жоғары білім деп қою керек. Ғылым барлық уақытта алда жүру керек.

Кейінгі жылдары мемлекет ғылымға көңіл бөліп жатыр. Жыл сайын конкурстар болады. Бұрын ЖІӨ-нің 0,12 пайызы ғана ғылымға бөлінеті. Бұл ең төменгі көрсеткіш еді. Қазір 0,4 пайызға жетті. Екі есе көбейді. Бірақ оның өзі жеткіліксіз. ТМД елдерінде бұл ең төменгі көрсеткіш. Ресейде 1,2 пайыз, Украина, Белорусьте 1 пайызға жақын, Әзербайжанда 0,7 пайыз.

Ғылым академиясы біздің елде ғана қоғамдық ұйым боп тұр. Басқа елдерде мемлекетке қарайды. Ғылымды академия басқаруы керек. Ғылымды білетін адам басқару керек. Стратегиялық бағытты ғалымдар жасайды. Әрбір ғылым саласын. Сондықтан ғылым академиясын қалпына келтіру керек», - деді Мұрат Жұрынов.

Ғылым академиясы басшысының пікірінше, ғылым академиясы тікелей президентке бағыну керек. Себебі ғалымдардың пікірі ел басшысына тікелей жету керек. Сонымен қатар ғылыми қызметкерлердің айлығы өте төмен. Қазір жастар төмен айлыққа жұмыс істемейді. Сондықтан жастарды ғылымға шақыру үшін ең алдымен қаражат мәселесін шешу керек.

Байланысты жаналықтар

Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

05.01.2023

Аймағамбетовтің арманы: Шымкент министрді өтірікші жасайын деп тұр

10.06.2022

Сенатор әлеуметтік желіні реттейтін заң қабылдауды ұсынды

30.03.2021

Онлайн оқудың азабы. Студенттер сөйлейді

15.03.2021

«Үздік педагог» Шпекбаевқа шағымданды. Аймағамбетов қайтпек?

11.11.2020

«Әліппе» келесі жылы оралады

02.11.2020
MalimBlocks
Мені жамандай бер! – Аймағамбетов несімен есте қалды?

Кешегі тағайындаулардың ішінде елдің назарын ерекше аударған – Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің орнынан кетуі болды. Үш жарым жыл бойы министр болған Аймағамбетовті қимайтындар аз емес екен.  

Аймағамбетовтің арманы: Шымкент министрді өтірікші жасайын деп тұр

Аймағамбетов биыл балаларды балабақшамен қамту 99 пайызға жетті деген. Шымкенттегі жағдай осы көрсеткішке күмән тудырады.

Сенатор әлеуметтік желіні реттейтін заң қабылдауды ұсынды

Онлайн оқудың азабы. Студенттер сөйлейді

«Үздік педагог» Шпекбаевқа шағымданды. Аймағамбетов қайтпек?

«Әліппе» келесі жылы оралады