Әскерде соққы алған Ербаян робот көмегімен қозғала бастады

Ол Түркияда ем қабылдап жатыр

Malim Админ

  • 19.01.2025

Құқық қорғаушы Инга Иманбай былтыр әскерде соққыға жығылып, жарты жылдан астам комада жатқан Ербаян Мұхтардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Malim.kz.  


“Ербаянның халі қалай? Ем шара қалай жүргізілуде?” деген сұрақтардың көптеп жолдануына байланысты Инга Иманбай әлеуметтік желіге жазба қалдырды. Құқық қорғаушы Ербаянның қазір Стамбұлда емін жалғастырып жатқанын және оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деп хабарлады.

Адвокаттың айтуынша, бұрынғы сарбаздың басына жасалған операция сәтті өтіп, инфекциядан толық айыққан.  Ұзақ әрі нәтижелі емнің арқасында айтарлықтай оң өзгерістер байқалған.

Катетері мен мұрнындағы зонд алынды. Салмақ қосып, робот арқылы қимылдай бастады. Өзі аздап тамақ іше бастады. Дәрігерлердің болжамы жақсы, бірақ толық оңалуға әлі уақыт керек. Емі Стамбұлда жалғасып жатыр,- деп жазды  И.Иманбай.

Сондай-ақ заңгер Ербаянға жігер, ата-анасы мен жақындарына сабыр тілеп, қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді.

Айта кетейік, Ербаян Мұхтар Ұлттық ұланда мерзімді әскери қызметте жүріп жараланған. Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап, комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбазды туған-туыстары Астанаға жеткізе алмаған еді. Әскери бөлім «сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды» деген. Ербаян Мұхтардың әкесі де, шешесі де бұл нұсқаға сенбейді.

Ербаян Мұхтарды Түркияға Қорғаныс министрлігінің арнайы бортымен жеткізілді. Сарбаз Ыстанбұлға аман-есен жетіп, “Медикал-Парк” клиникасына жатқызылған. Ол дәрігерлердің қарауында қажетті ем қабылдауда.  

Фото: @inga_imanbay  

 

Байланысты жаналықтар

Ербаян соққыға жығылған кездегі видеоны көрсетпей отыр – адвокат

17.09.2024
MalimBlocks
Ербаян соққыға жығылған кездегі видеоны көрсетпей отыр – адвокат

Тергеу жұмысы тоқтап тұр