Денсаулық сақтау министрлігі метапневмовирус бойынша түсініктеме берді

Қытайда вирустың осы түрі өршіп, ауруханалар толып кеткені айтылды

Мәди Саматұлы

  • 05.01.2025

Жіті респираторлық вирустық инфекцияларға жататын метапневмовирустың әлемде таралуы туралы БАҚ-тағы соңғы хабарларға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Адам метапневмовирусы – көптеген елде ондаған жыл бойы таралған классикалық вирустардың бірі. Бұл вирустың штамдары Қазақстанда ЖРВИ және тұмау аурулары маусымдық өршіген кезде кеңістікте белсенді айналымда болатын инфекциялардың басқа түрлерімен қатар анықталды.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, эпидемиялық маусымның басында республика бойынша тұмауға жатпайтын вирустар бойынша 8 360 үлгі зерттелген. Оның 1866-сы (22%) оң нәтиже берген. Соның ішінде паратұмау – 178 (9,5%), РС вирусы – 433 (23,2%), метапневмовирус – 30 (1,6%), риновирус – 680 (36,4%), бокавирус – 113 (6,1%), аденовирус – 226 (12,1%), коронавирус – 206 (11,1%).

Метапневмовирус негізінен ауа тамшылары арқылы және аз жағдайда тұрмыстық байланыс арқылы беріледі. Инфекцияның негізгі белгілері – жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, тырысу, бас ауруы. Нақты емдеу жоқ, симптоматикалық емдеу қолданылады.

Қазір Қазақстанда, бүкіл әлемдегідей ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркеліп жатыр.

Эпидемиологиялық маусым басталғалы 1 қазаннан бері республикада ЖРВИ-дің 2 002 335 жағдайы және зертханалық расталған тұмаудың 941 жағдайы, оның ішінде А(H1N1) типті тұмаудың 910 жағдайы, А(H3N2)-1 жағдайы, В тұмауының 30-ы тіркелген.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты профилактика шараларын сақтауға және адам көп жиналатын жерлерде аралас-құраласты шектеуге шақырады, бұл әсіресе созылмалы аурулары бар ең осал пациенттерге қатысты. 

Тұмау мен ЖРВИ-дың профилактика шаралары:

адам көп жиналатын орындарға, әсіресе, жабық үй-жайларға баруды шектеу;

үй-жайларды үнемі желдету;

қолды тазарту үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды қолдану;

ауру адамдармен байланысын шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету;

тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдыру және ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге) жібермеу;

ауру белгілері пайда болғанда дер кезінде медициналық көмекке жүгіну.

Айта кетейік, Қытайда бүкіл ел бойынша тұмау сияқты COVID-19 белгілерін тудыратын жаңа індет тез таралып жатқанын әлемдік ақпарат құралдары жазып жатыр. Әлеуметтік желілерде жарияланған мәліметтерге сәйкес, Қытайдағы балалар ауруханалары жоғары температура, жөтел, тамақтың ауыруы, әлсіздік және бас айналу сияқты белгілері бар балалармен толып кеткен.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

15.04.2025

"Жақсы болмайды". Ақ үй Қытайға тағы бір ескерту жасады

12.04.2025

Қытай АҚШ импортының баж салығын 125 пайызға дейін көтерді

11.04.2025

Қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты

10.04.2025

Қытай АҚШ тауарларына 84% баж салығын енгізіп, жауап қайтарды

09.04.2025

Қытай ғалымдары болжаған жер сілкінісі Қазақстанға әсер ете ме?

09.04.2025
MalimBlocks
Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

"Жақсы болмайды". Ақ үй Қытайға тағы бір ескерту жасады

Қытай АҚШ импортының баж салығын 125 пайызға дейін көтерді

Қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты

Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясындағы қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты

Қытай АҚШ тауарларына 84% баж салығын енгізіп, жауап қайтарды

Қытай ғалымдары болжаған жер сілкінісі Қазақстанға әсер ете ме?

Қытай ғалымдарының жақын арада жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін деген болжамы таралған еді. Осы ретте сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісі бізде де болуы мүмкін деген ақпаратқа жауап берді