Елімізде 4 мыңнан астам науқас ағза ауыстыруға мұқтаж

Статистикаға сәйкес, олардың көпшілігі кезегіне жетіп үлгермейді

Malim Админ

  • 09.10.2024

9 қазан – Дүниежүзілік донор күні аталып өтеді. Бұл күн әлемнің түкпір-түкпіріндегі қан донорларына құрмет көрсетуді, сондай-ақ, қоғамның қан тапсырудың маңыздылығын түсінуіне ықпал етуді мақсат етеді.  Алайда,

елдегі мәйіт донорлығы көңіл көншітпей отыр.


Жыл басынан бері Қазақстанда 5 адам қайтыс болғаннан кейін донор болып, 19 адамның өмірін сақтап қалды. 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 6 782 қазақстандық қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берген. Әр түрлі аймақтарда 5 адам донор болып үлгерді:

Ақмола облысы – 2 адам, Павлодар облысы – 1 адам, Түркістан облысы – 1 адам, Алматы – 1 адам.

Бұған дейін «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев Қазақстанда мәйіт донорлығы мәселесі аянышты халде екенін мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық 2024 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде 4103 науқас ағзаға мұқтаж күту парағында екенін хабарлады. 

Оның ішінде бүйрекке 3661 ересек, 85 бала, бауырға – 180 ересек, 10 бала, өкпеге – 20 ересек, жүрекке – 136 ересек, 5 бала және жүрек-өкпе кешеніне 4 ересек пен 2 бала мұқтаж.

Статистикаға сәйкес, олардың көпшілігі кезегіне жетіп үлгермейді. 200-ге жуығы жыл соңына дейін өмір сүре алмайды. Қайтыс болған донордың трансплантациясы басқа адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін, бірақ Қазақстанда қайтыс болған донорлардың ағзаларын трансплантациялауға көзқарас екіұшты. Көбінесе туыстары мәйіттің жарамды ағзасын алуға келісім бермейді.

Фото: Canva

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген