freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ойын-сауық орталығындағы өрт: зардап шеккендер саны 11 адамға жетті

Денсаулық
Ойын-сауық орталығындағы өрт: зардап шеккендер саны 11 адамға жетті
ТЖМ

Семей қаласындағы ойын-сауық орталығында болған өрттен кейін ауруханаға түскендер саны 11 адамға дейін артты. Олардың ішіндегі төртеуі — бала, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің біршамасы ауруханаға жатқызылған.

Бір бала «Семей медицина университеті» КеАҚ университеттік госпиталінің балалар бөлімінде ем қабылдап жатыр. Тағы үш бала дәрігерлік тексеруден кейін амбулаторлық емге жіберілген.
Ересектер арасында медициналық көмекке жеті адам жүгінді. Олардың төртеуі университеттік нефрология орталығына жатқызылды. Екі адам тексерістен кейін оқиға орнында қалған, ал бір адам медициналық тексеруден бас тартқан.

Еске салсақ, осыған дейін Семейдегі «Бала Парк» ойын-сауық орталығында алапат  өрт шыққанын жазған едік. 

Әуелде алты адам медициналық көмекке жүгінгені туралы ақпарат тараған. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу