freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Семейдегі балалар ойын-сауық орталығында өрт шықты

Оқиға
Семейдегі балалар ойын-сауық орталығында өрт шықты
Фото: ТЖМ

Семей қаласының орталығындағы Шуғаев көшесінде орналасқан «Бала Парк» балалар ойын-сауық орталығында өрт шықтыр, деп хабарлайды Malim.kz Абай облысының ТЖД мен ПД-ға сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД мәліметінше, алғашқы бөлімшелер жеткен сәтте ғимарат ашық жалынға оранған. Абай облысы ТЖД басшысы Манарбек Шапагатов тілшімізге берген сұхбатында шатырдың бір бөлігі опырылғанын айтты.

«Өрт шықты. Біз жеткен кезде ғимараттың іші толықтай отқа оранған еді. Әкімшіліктің айтуынша, ғимарат ішінде адамдар болмаған. Қазір барлау және өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Барлау жүргізу өте қауіпті. Екінші қабаттан үшінші қабатқа дейінгі құрылымдардың құлау қаупі бар болғандықтан, ғимаратты шетінен қарап тексеріп жатырмыз. Сондықтан толыққанды барлау жүргізу әзірге мүмкін емес», — деді Абай облысы ТЖД басшысы Манарбек Шапагатов.

ТЖМ мәліметінше, алғашқы бөлімшелер келген кезде ғимарат ашық жалынмен жанып тұрған. Өрт қарқынды сипат алған, шатырдың бір бөлігі құлаған. Өртті сөндіру жұмыстары жоғары өрт жүктемесі мен қалың түтінге байланысты қиындап отыр. Нысанның периметрі бойынша су оқпандары берілген, оның ішінде биіктік техникасы да қолданылуда.

Оқиға орнында жедел өрт сөндіру штабы құрылды. Су үздіксіз берілуде. Өрт сөндіру қызметі күшейтілген дәрежеде жұмыс істеп жатыр.

112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Өртті сөндіру жалғасуда.

Абай облыстық полиция департаменті оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел әрекет ету қызметтерінің өкілдері бар екенін хабарлады. «102» арнасына «Бала Парк» балалар ойын-сауық орталығында өрт шыққаны туралы хабар түскен.

«Қазіргі уақытта келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нысан маңы қоршауға алынды», — делінген ПД хабарламасында.

Желіде жанып жатқан орталықтан балаларды эвакуациялау сәтінен кадрлар тарады.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Өрттің аумағы мен шығу себебі анықталып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу