Қарағанды облысында 2 жасар сәби көкжөтелден қайтыс болды

Бала екпе алмаған және емхана деңгейінде көп жүріп қалған, аурухағана кеш түскен.

Берік Дәулетов

  • 11.06.2024

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейінгі брифингте былтырдан бері көкжөтелге қатысты жағдайдың өскенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Көкжөтел – вакцинамен басқарылатын инфекциялардың бірі. Дүние жүзіндегі барлық мемлекет коклюшқа байланысты вакцинаны балаларға егіп жатады. Бұл эпидемиологиялық жағдайды тұрақты түрде ұстап тұрады. Бізде былтырдан бері көкжөтелге қатысты жағдайдың өскенін байқап отырмыз. 80 пайыз ауырған балалар өкінішке қарай вакцинаны алмаған. Көкжөтелдің асқынған түрлері өте ауыр түрде өтеді. Емі де қиын. Азаматтарымызды балаларын осы ауру түріне қарсы вакцинаны белсенді алуға шақырамыз. Қосымша вакцинациялау мәселесінде тағы қаражат бөлінді. Яғни, былтырғы жылдары вакцинациядан өтпеген балаларамыздың арасында қосымша вакцинациялау жұмыстары жүріп жатыр, - деді Денсаулық  сақтау министрі.

Ол биыл көкжөтелден кішкентай сәби қайтыс болғанын айтты.

Өкінішке қарай, Қарағанды облысында 9 наурыз күні бір сәби көкжөтелден қайтыс болды. Бала 1 жас 11 айда болды. Бұл жағдайға ДСМ тарапынан сараптама жүргіздік. Біріншіден, бала уақыты жетпей дүниеге келген. Екіншіден, екпе алмаған және емхана деңгейінде көп жүріп қалған, аурухағана кеш түскен. Сондықтан тиісті асқынулардың себебінен бұл балаға көмектесе алмадық. Көкжөтел жеңіл өтетін ауру емес, - деді Ақмарал Әлназарова.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025
MalimBlocks
Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты