Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Депутат жоқ малға субсидия алып отырған

Сұқбат
Депутат жоқ малға субсидия алып отырған

Ақтөбе облысында аудандық мәслихат депутаты жоқ малға заңсыз субсидия алып отырған. 

Ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша аудандық мәслихат депутатына қатысты. Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облыстық департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Шаруа қожалығы атынан шын мәнінде жоқ болған малға субсидия алуға өтініш берген. Сондай-ақ, бұл азамат «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған.

Осылайша, жалпы шығын көлемі 457 миллион теңге болған. Қазіргі уақытта бұл азамат ұсталып, оған қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды», - деп жазды ведомстводан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу