Еліміздің қай аймағында үсік жүретіні белгілі болды

Арман Қайыпхан

  • 23.04.2025

24, 25 және 26 сәуір күндері Қазақстанда ауа райы күрт суытып, кейбір өңірлерде үсік жүруі мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz

Елдің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда түнгі уақытта солтүстік және шығыс өңірлерде ауа температурасы -1...-3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Батыс және солтүстік-батыс аймақтарда циклон әсерінен тұрақсыз ауа райы болжануда: жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Сондай-ақ республиканың көптеген өңірлерінде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл, ал оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында тұман болады.

Үсік күтілетін өңірлер:

- 24 сәуірде – Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары;
- 24-25 сәуір аралығында – Павлодар облысы;
- 25 сәуірде – Қарағанды облысы;
- 25-26 сәуірде – Шығыс Қазақстан және Абай облыстары.

Тұрғындарға ауа райының өзгерістеріне мұқият болып, сақтық шараларын ұстануға кеңес беріледі.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

16.05.2025

Аптап ыстық: 16 мамырға арналған ауа райы болжамы

15.05.2025

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

13.05.2025

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

11.05.2025

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Аптап ыстық: 16 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды