Қоқыс қалдығын тастайтын жерге де тазалық керек

Арман Қайыпхан

  • 24.04.2025

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы әлі де жалғасып жатыр.  Бұл арқылы Алматы  экологиялық жауапкершілігі жоғары қала екенін көрсетіп келеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Кезекті іс-шара барысында шаһардағы тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлер мен алаңқайлар арнайы тазалаудан өткізілді. Бұл – тек санитарлық шара ғана емес,  экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы маңызды қадам.

Алматының Әуезов ауданындағы үш мекенжайда орналасқан контейнерлер мен қоқыс алаңқайларына тазалық жұмыстары жүргізілді.  

Айталық,  3-ықшамаудан, №14-үй,  №65-үй және 1-ықшамаудандағы № 77 үйлердің аулаларына  орналасқан  күнделікті тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге дезинфекция жасалды.

Шара барысында  тек контейнерлер ғана емес,  олар орналасқан алаңқайлар да өңделіп, дератизация жұмыстары жүргізілді. 

Бұл енді бір жағынан ауру таратушы кеміргіштермен күрестің де тиімді әдісі ретінде қолға алынған. Контейнерлер жақын орналасқан үйлердің тұрғындары да тазалық шарасын  қолдайтынын жеткізді.

Қалдықтар жиналатын орын тазартылып, арнайы сұйықтықтармен өңделіп жатыр. Ауасы мен айналасы тазарып, көңіліміз де орнығып жатқандай. Балаларымыз емін-еркін ойнай алатын болды. Осындай игі  жұмыстар  көбейсе екен деймін.  Қаланың тазалығы – әрбір тұрғынның жауапкершілігі, сондықтан баршамыз игі іске атсалысуымыз керек, – дейді 3-ықшамаудан тұрғыны Гүлнар Мырзаханқызы. 

Жүргізіліп жатқан шара  тек сыртқы тазалық емес, тұрғындардың  денсаулығын қорғау.  Контейнерлер мен алаңқайларды дезинфекциялау – түрлі аурулардың алдын алудың бірден-бір жолы.  Бұл жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жүргізіліп отырады, - Алматы қаласының Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының қалдықтарды басқару бөлімінің бас маманы Маханбет Сансызбаев.

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

13.05.2025

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

13.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025
MalimBlocks
Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды