Сібір жарасы. Атырау облысында дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Malim Админ

  • 03.12.2024

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өңірдегі Сібір жарасының таралу жағдайы бақылауда екенін айтты.

— Сібір жарасы тіркелген сәттен бастап қала әкімінің шешімімен мал сататын орын толығымен карантинге жабылды. Сол жердегі бар мал есепке алынып, арнайы вакцинациядан өтті. Қазір карантинде тұр, дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр, әр уақытта сынамалар алынады. Сонымен қатар сол жерде жұмыс істеген 62 жұмысшыны тізімге алып, мониторингте ұстап отырмыз. Өкінішке қарай, 2 адамнан сібір жарасын жұқтыру фактісі анықталды. Қазір жағдайлары жақсы, медициналық көмекті толық алып жатыр, — деді Серік Шәпкенов облыстың биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып. 

Өңір әкімінің айтуынша, Сібір жарас ошағын жою мәселесі жіті бақылауда. 

— Сонымен қатар басқа да ет сататын орындарда тексеру жұмысын жүргіземіз. Басқа да орындарды мониторинг жүргізіп, сынама алдық. Қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Біз БҚО, Ақтөбе облысынан мал аламыз, біз арқылы Маңғыстау облысына мал жіберіледі, сондықтан облысқа кіретін, облыс арқылы мал өткізуді бақылауда ұстап отырмыз, - дейді ол.

Фото: Pexels

 

 

Байланысты жаналықтар

Атырау облысында жол апаты көбейген. 73 адам көз жұмған

13.11.2024

Өртелген пәтерден 70 жастағы әйелдің мәйіті табылды

25.09.2024

Үкімет Атырау облысындағы жолдарды қалпына келтіруге 5,9 млрд теңге бөлді

19.09.2024

Мемлекет иелігіндегі жерді заңсыз басып алған компаниялар анықталды

27.08.2024

Жайық өзеніне батып кеткен жасөспірім іздестіріліп жатыр

22.08.2024

Көшпенділер ойынына Атырау облысынан қанша спортшы қатысады?

22.08.2024
MalimBlocks
Атырау облысында жол апаты көбейген. 73 адам көз жұмған

858 адам түрлі дене жарақатын алған

Өртелген пәтерден 70 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Марқұмның 20 жастағы ұлы күйікпен ауруханаға түсті

Үкімет Атырау облысындағы жолдарды қалпына келтіруге 5,9 млрд теңге бөлді

Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды

Мемлекет иелігіндегі жерді заңсыз басып алған компаниялар анықталды

Аталған серіктестіктерден жалпы сомасы 369 мың теңгеден асатын айыппұл өндірілді

Жайық өзеніне батып кеткен жасөспірім іздестіріліп жатыр

Ол жабдықталмаған орында суға түскен

Көшпенділер ойынына Атырау облысынан қанша спортшы қатысады?

Спортшылар республикалық жарыстарда үздік атанған