Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Екатерина Бивол Ресейде сот алдында жауап береді

Әлем
Екатерина Бивол Ресейде сот алдында жауап береді
Әлеуметтік желі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 29 қаңтарда Санкт-Петербург қаласындағы Ленин аудандық сотында танымал боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволға қатысты іс қарала бастайды. Оған ұлтшылдыққа негізделген ашық дау туғызу айыбы тағылған. Сотқа себеп болған видео 2025 жылғы қазанда Telegram-арнасында жарияланған болатын. Экстремизмге қарсы орталық мамандары материалдан қырғыз және қазақ ұлты өкілдерінің қадір-қасиетін төмендететін мәлімдемелер табылғанын хабарлады. Еске салсақ, 2025 жылғы қазанда әлеуметтік желілерде Екатерина Биволдың қазақтар мен қырғыздарға қатысты қорлаушы сөздер айтқан видеолары тараған еді. Бұл қоғамда үлкен резонанс тудырып, Қазақстан мен Қырғызстанда айыптауға ұшырады. 

Қырғызстанда Екатерина Биволға қарсы ұлт арасындағы алауыздықты қоздыру бабымен қылмыстық іс қозғалған. Қазақстан ІІМ-де де іздеу жарияланған. Кейін Биволға қатысты ориентировка шыққан. Екатерина мен Дмитрий Бивол 16 жыл некеде тұрған, екі ұлын тәрбиелеп өсірген. 2023 жылы маусымда ресми түрде ажырасып кеткен. Екатерина өзінің қазақстандық тамырларын бірнеше рет атап өткен — әкесінің Алматыдан шыққаны, атасының қазақтан ұйғыр болғаны айтылған. Ресей Қазақстанға Биволдың бұрынғы жарының іздеуге көмектесетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, Екатерина психиатриялық емханада тексеруден өткен. Дмитрий Бивол бұрынғы жұбайына қарсы сотта жеңіске жеткен. Ленин аудандық соты Екатерина Биволға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісін тіркеді. 


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу