Ауыл шаруашылығы жұмыспен қамтуда алдыңғы орында. Статистка

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамту бойынша кезекті жинақты шығарды.

  • 09.11.2023

Жинақта салалар, жыныс және жас құрылымы бойынша жұмыспен қамту деңгейі жөніндегі көрсеткіштерді, сондай-ақ 2009 жылғы санақпен салыстырғандағы динамикалық өзгерістерді көруге болады. Жинақтың екі томы stat.gov.kz сайтының «Ұлттық санақтар» – «Санақ 2021» бөлімінде орналастырылған.
Жұмыспен қамтылған халық саны 39 пайызға өсті
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған халық саны 9 188 мың адамға жеткен,  2009 жылғы санақпен салыстырғандағы өсім – 39,2 пайыз.
Жұмыспен қамтылғандардың негізгі үлесі қалалық елдімекендерде – жұмыспен қамтылған халықтың 62,5 пайызы немесе 5,7 миллионнан астамы. 2009 жылы қалалардағы жұмыспен қамтылған халықтың үлесі 57,1 пайыз немесе 3,8 млн адамды құраған. Жас тобы бойынша жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны 30-34 жас аралығында – 1 450 мың адам.
2009 жылғы санақ қорытындысымен салыстырғанда 2021 жылы жоғары білімі бар халықтың жұмыспен қамтылу үлесі 27,1 пайыздан 30,8 пайызға дейін артты. Жұмыспен қамтудағы әйелдердің үлесі 2009 жылғы 45 пайыздан 2021 жылы 48 пайызға дейін немесе 1,4 млн адамға артты.
Салалар бөлінісінде жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны ауыл шаруашылығында – 1,41 млн адам немесе жұмыспен қамтылған халықтың 15,3 пайыз (17,9% – 2009 жылы). Одан кейін көтерме және бөлшек сауда – 1,35 млн адам немесе 14,7 пайыз (12,9% – 2009 жылы). Жұмыспен қамту бойынша үшінші орынды өнеркәсіп саласы алады – 1 млн адам немесе 11,1% (11,5% – 2009 жылы). Барлық жұмыспен қамтылған халықтың ішінде ерлердің ең көп үлесі немесе 17 пайыз ауыл шаруашылығында, ал әйелдер бойынша негізінен сауда саласында – 16%.

фото: stan.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстандықтар бір айда 164 мыңдай көлік сатып алды

15.11.2024

Қазақстан халқының саны қаншаға өсті

01.08.2024

Қазақстанда ұялы байланыс қызметі 11,5%-ға өскен

01.08.2024

Қымбатшылық қазақты тағы қыса бастады

01.07.2024

Қазақстанда әйелдер еркектерден 9 жас ұзақ өмір сүреді

26.04.2024

Қазақстанда қымыз көбейіп,  шұбат азайды

19.03.2024
MalimBlocks
Қазақстандықтар бір айда 164 мыңдай көлік сатып алды

Қазақстан халқының саны қаншаға өсті

Қазақстандықтардың басым бөлігі (12 573 637 адам) қалаларда, қалған 7 586 070 отандасымыз – ауылдық жердің тұрғындары.

Қазақстанда ұялы байланыс қызметі 11,5%-ға өскен

Шілде айында инфляция 0,7 пайыз болды.

Қымбатшылық қазақты тағы қыса бастады

Ақылы қызметтер — 13,8%, азық-түлік емес тауарлар — 7,4%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,4% өсті.

Қазақстанда әйелдер еркектерден 9 жас ұзақ өмір сүреді

Қалалық тұрғындарының орташа есеппен жасы 75,73 болса, ауыл тұрғындарының үлесі 74,02 жасты құрады.

Қазақстанда қымыз көбейіп,  шұбат азайды