Доллар 498 - 499 теңгеден саудаланып жатыр

Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 498 теңге

Malim Админ

  • 26.11.2024

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 498 – 503 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Ұлттық банктің 26 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 498,51 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,81 теңге. Еуро — 522,24.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 501,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 503,3 теңге. Еуро 522,5 — 526,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 498 теңге, сатып алу құны — 503 теңге. Еуро 521 теңгеден сатылып, 527 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,82 - 4,92 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 25 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,09 теңгеге қымбаттап, 498,68 теңге болған.

Осыған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының 600 теңгеге дейін өсуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді.

Ұлттық банк мәліметінше, валюта нарығындағы теңгерімділікті арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерінің 50%-ын міндетті түрде сату талабы қайта енгізіледі.

Сондай-ақ ол теңгенің әлсіреуі АҚШ-тағы сайлаудың нәтижесі емес, ең алдымен ішкі экономикалық факторларға байланысты деп есептейді.

Фото: Kazinform

Байланысты жаналықтар

"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

13.05.2025

13 мамырға арналған валюта бағамы

13.05.2025

Дүйсенбіге арналған валюта бағамы қандай?

12.05.2025

11 мамырға арналған валюта бағамы айтылды

11.05.2025

Демалыс күндерге арналған валюта бағамы қандай?

09.05.2025

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады

08.05.2025
MalimBlocks
"Самұрық-Энерго" АҚ тобынан 199 млрд теңгеге тиімсіз шығын анықталды

13 мамырға арналған валюта бағамы

Дүйсенбіге арналған валюта бағамы қандай?

11 мамырға арналған валюта бағамы айтылды

Демалыс күндерге арналған валюта бағамы қандай?

Қазақстанда жаңа банкнот айналымға шығады