Олжас Бектенов әкімдерге кешігіп жатқан құрылыс жұмыстарын аяқтауды тапсырды

Malim Админ

  • 29.04.2025

Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдеріне құрылыс маусымын ұтымды пайдаланып, кестеден кешігіп жатқан медициналық нысандардың құрылысын жеделдетуді тапсырды.

Ауылда денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту» ұлттық жобасы 650-ден астам ауылдық елді мекенде заманауи медициналық пункттер ашуға мүмкіндік береді. Жетісу, Ұлытау, Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола және Қарағанды облыстарында құрылыс қарқыны тым баяу. Мысалы, Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында осы күнге дейін 6 объект бойынша жобалық құжаттама әзірленбеген. Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 8 жоба бойынша мемлекеттік сараптама дайын емес. Өңір әкімдері тарапынан дәл осы жобалау және құрылыс жұмыстарына бақылаудың кемшін болуы Ұлттық жобаны іске асыру мерзімдерінің созылып кетуіне алып келеді. Нысандарды уақытылы тапсыру үшін құрылыс маусымын тиімді пайдалану керек, - деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігіне қалған 188 медициналық нысанды салу жұмысына апта сайын мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды.

Фото: Үкімет 

Байланысты жаналықтар

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент атынан Ұлытау облысының кеншілеріне марапат табыс етті

23.08.2024

Жошы ұлысына 800 жыл: Олжас Бектенов Ұлытаудағы тарихи-мәдени кешенге барды

23.08.2024
MalimBlocks
Премьер-министр Олжас Бектенов Президент атынан Ұлытау облысының кеншілеріне марапат табыс етті

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің өнеркәсіптік әлеуетімен танысты.

Жошы ұлысына 800 жыл: Олжас Бектенов Ұлытаудағы тарихи-мәдени кешенге барды

Премьер-Министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2021 жылы салынған «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барды. Биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толды.