Олжас Бектенов Шымкентте бірнеше өнеркәсіп саласының дамуымен танысты

Сондай-ақ, Президент Жолдауын іске асыру мәселелері талқыланды

Мәди Саматұлы

  • 13.09.2024

Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында премьер-министр Олжас Бектенов ауыл шаруашылығындағы өңдеу, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі салаларының өкілдерімен кездесті. Президент Жолдауындағы өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу және экономика өсімінің жаңа мүмкіндіктерін дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру барысы мен шаралары талқыланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкімет басшысы қаланың өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. «Химфарм» фармацевтикалық зауытының аумағында өндірістік қуаты жыл сайын 1 млрд-қа дейін таблетка, капсула мен түйіршік, 250 млн ампула инъекциялық ерітінді және басқасын шығаруға мүмкіндік беретіні баяндалды. Фармацевтикалық кәсіпорын 89 атау бойынша дәрілік зат жеткізеді. Қаланың фармацевтика саласында кәсіпорынның үлесі 99,2%-ды, республика бойынша 43%-ды құрайды. Кәсіпорында 897 адам жұмыс істейді.

Шымкент қаласының Алтынтөбе елдімекеніндегі «Алан және Компания» джем мен шырын өндіретін кәсіпорнына барған кезде зауыт сағатына 7 тоннаға дейін көкөніс пен жемістерді өңдеуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жабдықталғаны баяндалды. 45 гектар жерге тамшылатып суару жүйесі орнатылған, алма, шабдалы, алмұрт және жүзім өсіріледі. Компанияға «Инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектісі шығыстарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Импортты алмастыру мақсатында 2024-2028 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту жөніндегі кешенді жоспарға саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі қадамдар енгізілген. Ол үшін қайта өңдеу кәсіпорындарын сапалы шикізатпен қамтамасыз ету, сақтау сыйымдылықтары мен технологиялық жабдықтарды жаңғырту үшін инвестицияларды белсенді тарту, сондай-ақ қосымша өндірістік қуаттарды құру көзделген. Премьер-министр аталған шаралар салаға елеулі қолдау көрсететінін және отандық қайта өңделген өнімдер өндірісін ұлғайтуға ықпал ететінін атап өтті. Бұл ішкі нарықты толтыруға және импортты алмастыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы The Coca-Cola Company сауда белгілері бар алкогольсіз сусындар шығаратын жаңа зауытпен танысты. «Кока Кола Алматы Боттлерс» бірлескен кәсіпорны Шымкент қаласындағы сауда-логистикалық орталықтың аумағында орналасқан. Кәсіпорын газдалған, газдалмаған сусындар мен бөтелкедегі суды өндіреді, зауыттың қуаты – жылына 283 млн литр. 100 жұмыс орнын ашатын жобадағы инвестиция көлемі 27 млрд теңгені құрайды.

Олжас Бектенов жергілікті жерлерде инвесторларға көрсетілетін қолдау шараларына, сондай-ақ, олар шығаратын өнімнің сапасын үнемі арттырудың маңызына назар аударды. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру аясында дамудың ары қарайғы келешегіне назар аударылды.

Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдерге экономиканың құрылымын өзгерту мәселесіне ерекше назар аударуды, еліміздің орнықты ілгерілеуін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа тетіктерді қарастыруды тапсырды. Жеке инвестицияларды тарту маңызды. Жаңа кәсіпорындар ашылады, өйткені бұл экономикалық тұрғыдан тиімді. Сонымен бірге өнеркәсіптің әлеуетін одан әрі ашу қажет. Біздің алдымызда өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, бастапқы өндірістен жоғары деңгейде өңделген өнімдер шығаруға көшу міндеті тұр. Үкімет өз кезегінде инвесторларға ел экономикасы үшін маңызды жобаларды іске асыруда қолдау көрсетеді, деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр бизнесті қолдаудың қолданыстағы шараларының тиімділігі мен нақтылығын одан әрі күшейтудің маңызына назар аударды. Өз кезегінде бизнестен экологияны қорғауға, мектептер мен балабақшаларды және басқа да әлеуметтік нысандарды абаттандыруға, жаңғыртуға үлес қосатын әлеуметтік жауапкершілік танытуға тиіс.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Шымкентте дәстүрге айналған Дәмдәсtour өтті

31.03.2025

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

30.03.2025

Бектенов Екібастұз ГРЭС аумағында республикалық кеңес өткізді

27.03.2025

Шымкентте итті көлікпен сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды

23.03.2025

Шымкентте «Наурызнама» мерекелік іс-шарасы гала концертпен жалғасты

22.03.2025

Шымкентте ер адам әйеліне укол саламын деп өлтіріп алған

20.03.2025
MalimBlocks
Шымкентте дәстүрге айналған Дәмдәсtour өтті

Шымкентте дәстүрге айналған Дәмдәсtour фестивалі өтті

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды

Бектенов Екібастұз ГРЭС аумағында республикалық кеңес өткізді

Олжас Бектенов Екібастұз ГРЭС аумағында энергетиканы дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді

Шымкентте итті көлікпен сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкент тұрғыны итін көлігіне шынжырмен байлап, көше аралаған. Үй жануарына аса қатыгездік танытқан жүргізушінің әрекеті әлеуметтік желіде тарап кетті

Шымкентте «Наурызнама» мерекелік іс-шарасы гала концертпен жалғасты

Шымкентте ер адам әйеліне укол саламын деп өлтіріп алған

Ер адам әйеліне инъекция саламын деп қателік жіберген